Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № С-39/6 "Еңбекшілдер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі № С-3/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 тамызда № 5501 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 сәуірдегі № С-12/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 27.04.2017 № С-12/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № С-39/6 "Еңбекшілдер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4815 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда аудандық "Жаңа дәуір" және "Сельская новь" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасындағы 2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді іске асыратын уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) сәйкес, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Еңбекшілдер аудандық бөлімі арқылы немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгінеді.";

      аталған шешімнің қосымшасындағы 9 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9. Еңбекшілдер ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы жиынтық табысын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығы негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7412 болып тіркелген) есептейді".

      2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшіне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Бочковский
      Аудандық мәслихат
хатшысының міндетін атқарушы
И.Магерко

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Еңбекшілдер ауданының әкімі А.Қиықов

      "22" шілде 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады