РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Респуликасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабына сәйкес және 2014 жылғы 19 желтоқсандағы Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының қорытындысының негізінде Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Есіл ауданының Есіл қаласында Новая көшесі Нүркен Әбдіров көшесі деп қайта аталсын.
2. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы мен Есіл аудандық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Есіл
ауданының әкімі А.Қалжанов
Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы Г.Кәрімова
Аудандық
мәслихат хатшысы С.Құдабаев