Жақсы ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 тамыздағы № 5С-42-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте № 4977 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 6С-2-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 26.04.2016 № 6С-2-7 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексінің 444 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жақсы ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жақсы аудандық
мәслихатының сессия
төрайымы
Е.Алешина
      Жақсы аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Жанәділов

      КЕЛІСІЛГЕН
      Жақсы ауданының әкімі Қ.Сүіндіков

      "20" 08 2015 жыл
      Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрілігі
Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы
бойынша Мемлекеттік
кірістер департаменті
Жақсы ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы
Т.Коваленко

      "20" 08 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады