Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № а-11/305 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 желтоқсанда № 5134 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № а-0/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 14.01.2016 № а-0/03 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 қарашадағы № 5ВС-44-2 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесіне келісу туралы" шешімі негізінде, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін белгілеу.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкімінің орынбасары Л.Ш. Сейдахметоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулының әрекеті 2015 жылғы 1 шілдеден туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      4. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ.Сүйіндіков

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Жақсы аудандық
      мәслихат хатшысы Б.Жанәділов
      "__" ____________ 2015 жыл

  Жақсы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "24" қараша № а-11/305
қаулысына қосымша

Ауылдық жерде жұмыс атқаратын және азаматтық қызметшілер болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдық тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік қызметі жөніндегі консультант, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
      2. Білім беру мамандары лауазымдары:
      қазыналық кәсіпорын мен мемлекеттік мекеменің басшысы және басшының орынбасары, барлық мамандықтардың мұғалімдері, тәрбиеші, әдіскер, музыкалық жетекші, көркемдік жетекшісі, педагог-психолог, бастаушы, өндірістік оқыту шебері, дене тәрбиесінің нұсқаушысы, қосымша білім педагогы, әлеуметтік педагог, мұғалім-дефектолог, логопед, кітапхана меңгерушісі, кітапханашы, медбике, емдәмбике.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы, кітапхана меңгерушісі, клуб меңгерушісі, сүйемелдеуші, музыкалық жетекші, кітапханашы, библиограф, әдістемеші, хореограф.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады