РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілген 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкімінің орынбасары Л.Ш.Сейдахметоваға жүктелсін.
3. Осы қаулының күші 2016 жылға 1 қаңтарынан бастап, туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ.Сүйіндіков
Жақсы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
№ а-12/319 қаулысымен
бекітілген
2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны |
Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге) |
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдардағы ата-аналардың бір айға төлемінің мөлшері (теңге) |
||||
мемлекеттік |
жеке меншік |
мемлекеттік |
жеке меншік |
мемлекеттік |
жеке меншік |
мемлекеттік |
жеке меншік |
||
1 |
Балабақша |
140 |
0 |
26272,0 |
0 |
26272,0 |
0 |
9928 |
0 |
2 |
Мектеп жанындағы толық күн қатынайтын шағын орталық |
55 |
0 |
17702,0 |
0 |
17702,0 |
0 |
9928 |
0 |
3 |
Мектеп жанындағы жарты күн қатынайтын шағын орталық |
113 |
0 |
8851,0 |
0 |
8851,0 |
0 |
0 |
0 |