"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде жалпы жұмыс орны санының бір пайызы көлемінде интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Қ. Ғабдуллинаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Аудан әкімі | А.Мұратұлы |