2015 жылға арналған Зеренді ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 наурыздағы № 35-279 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 наурызда № 4713 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2 тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығының 4 тармағына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 15.04.2015 № 36-311 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. 2015 жылға арналған Зеренді ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары келесі түрінде:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып ұсынылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Зеренді ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін тұрақты әрекет ететін комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            В.Соболев

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Қ.Ауғалиев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Зеренді ауданының әкімі                    А.Мұратұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады