Зеренді ауданы бойынша 2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін және субсидияларды алуға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тізіміне енгізу үшін басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығындылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № А-1/400 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 шілдеде № 4901 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы ережесіне сәйкес, «А.И. Бараев атындағы егін шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 303 қорытындысы негізінде, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зеренді ауданы бойынша 2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері және субсидияларды алуға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тізіміне енгізу үшін басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығындылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының әрекеті 2015 жылдың 20 сәуірінен бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Зеренді ауданының әкімі                    А.Мұратұлы

Зеренді ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «17» 07 № А-1/400
қаулысына қосымша    

Зеренді ауданы бойынша 2015 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері және субсидияларды алуға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тізіміне енгізу үшін басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығындылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімдері

№ қ/б

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы себу мерзімдері

Субсидия алушылар тізіміне енгізу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімдері

1

дәнділер (жаздық бидай)

10 мамырдан 03 маусымға дейін

28 шілдеге дейін

2

дәнділер (арпа)

25 мамырдан 07 маусымға дейін

28 шілдеге дейін

3

дәнділер (сұлы, қарақұмық, астыққа тары)

25 мамырдан 07 маусымға дейін

28 шілдеге дейін

4

бұршақ дәнділер (нут, бұршақ, жасымық)

20 мамырдан 31 мамырға дейін

28 шілдеге дейін

5

майлы дақылдар, соның ішінде:


жаздық рапс

15 мамырдан 31 мамырға дейін

28 шілдеге дейін


күнбағыс

10 мамырдан 31 мамырға дейін

28 шілдеге дейін


шашақты зығыр

17 мамырдан 31 мамырға дейін

28 шілдеге дейін


сафлор

15 мамырдан 31 мамырға дейін

28 шілдеге дейін


қытай бұршақ

19 мамырдан 27 мамырға дейін

28 шілдеге дейін


қыша

15 мамырдан 31 мамырға дейін

28 шілдеге дейін


арыш

19 мамырдан 02 маусымға дейін

28 шілдеге дейін

6

ашық топырақтағы картоп

10 мамырдан 10 маусымға дейін

28 шілдеге дейін

7

өндірістік үлгідегі тамшылатып суармалау жүйесін қолданумен картоп және баубақша дақылдары

10 мамырдан 10 маусымға дейін

28 шілдеге дейін

8

ашық топырақтағы баубақша дақылдары

8 мамырдан 15 маусымға дейін

28 шілдеге дейін

9

азықтықтар (біржылдық шөптер, ағымдағы жылдың көпжылдық шөптері және жайылымдық жерлерді шалғындандыру және (немесе) шабындық жерлерді және (немесе) жайылымдық жерлерді түбегейлі жақсарту мақсаттары үшін себілген көпжылдық шөптер)

1 мамырдан 15 шілдеге дейін

28 шілдеге дейін

10

сүрлемге жүгері

10 мамырдан 31 мамырға дейін

28 шілдеге дейін

11

өндірістік типтегі жылыжайларда қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін, көкөніс дақылдары

5 мамырдан 25 мамырға дейін

28 шілдеге дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады