Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 тамыздағы № 38-327 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 қыркүйекте № 4968 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 3-22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 27.04.2016 № 3-22 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
      2. Зеренді аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 12 қыркүйегіндегі № 17-151 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3823 болып тіркелген, 2013 жылғы 11 қазандағы "Зерделі–Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы О.Зубань
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Ауғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Зеренді ауданының әкімі А.Мұратұлы

      2015 жылғы "19" 08

  Зеренді аудандық мәслихатының
2015 жылғы 19 тамыздағы
№ 38-327 шешімімен
бекітілген

Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер – жалпы халықтың тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Зеренді ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасы жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тұрмыс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкілетті орган – "Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      8) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Ақмола облыстық филиалы Зеренді аудандық бөлімшесі;
      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеріс жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Зеренді ауданының ауыл, ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
      3. Осы Қағидалар Зеренді ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.
      4. Әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті органнан мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне көрсететін көмек осы Қағидаларының мақсаты болып табылады.
      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      6. Әлеуметтік көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
      7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндердің тізбелері, сондай – ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі:
      1) 9 мамыр – Жеңіс күні (бір рет);
      2) 26 сәуір – Чернобыль атом электростанциясының радиациялық зіл – залалар және апаттар салдарын жою күні (бір рет);
      3) 15 ақпан – Ауғанстаннан әскерлерін шығару күні (бір рет);
      4) 1 қазан – Қарттар күні (бір рет);
      5) Мүгедектер күні – қазанның екінші жексенбісі (бір рет).

2. Санаттар тізбесі және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері

      8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына ұсынылады:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген басқа адамдардың басқа да санаттарына;
      зейнеткерлік жасқа толған тұлғаларға;
      мүгедектерге, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеуші тұлғаларға;
      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (онкологиялық аурулармен, туберкулезбен ауыратын, амбулаторлық емделудегі тұлғаларға);
      көп балалы отбасыларына;
      "Алтын алқа", "Күміс алқа", I-II дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталған немесе бұрын "Батыр – Ана" атағын алған көп балалы аналарға;
      балаларға, соның ішінде жетім балаларға, ата-ананың қамқорлықтан қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне;
      күнкөрісі төмен азаматтарға (отбасыларына);
      аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын, колледждерде ақылы негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттеріне. Аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын, студенттеріне;
      қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға;
      табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен, мүлкіне нұқсан келген азаматқа (отбасына);
      күйзеліс жағдайда жан басына шаққандағы орташа табыстағы ең төмен күнкөрістегі азаматқа (отбасына).
      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негіздер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы;
      4) қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға ("Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 2 бабына сәйкес).
      9. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:
      1) Жеңіс Күніне – 9 мамыр:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген басқа адамдардың басқа да санаттарына;
      2) қарт адамдар күніне;
      ең төменгі мөлшердегі және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын зейнеткерлерге;
      3) мүгедектер күніне:
      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;
      4) кірістері есептелмей әлеуметтік көмек келесі азаматтарға (отбасыларына) көрсетіледі:
      қуғын – сүргінге ұшыраған азаматтарға, осы санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру, өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін, үш айдан кешіктірмей "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар бойынша министрлігі Ақмола облысы төтенше жағдайлар бойынша департаменті Зеренді ауданының төтенше жағдайлар бойынша бөлімі" мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері елу айлық есептік көрсеткішке тең, бір рет;
      туберкулезбен, адамның имун тапшылығы вирусымен ауыратын азаматтарға бір жыл ішіндегі дәрігерлік консультациялық кеңестің қорытындысы негізінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
      ісік науқастары бар азаматтарға, ісік ауруына шалдығып ісіктік стационар жағдайында арнайы емделіп жатқан азаматтарға науқас тарихы үзіндісі негізінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңелдірілгендерге, 18 жасқа дейінгі балалары бар көпбалалы отбасыларға Қазақстан Республикасының "Теледидар жүргізу туралы" 2012 жылдың 18 қаңтарындағы Заңының 42 бабының 9 тармағына сәйкес теледидар абоненттік жабдықпен (приставка) қамтамасыздандыру үшін жабдықтың тұратын құны мөлшерінде, бір рет;
      халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын кәмелетке толмаған қайтыс болған балаларды жерлеуге, қайтыс болу анықтамасы негізінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет төлем жасау шығындары бойынша, оның ішінде ай сайын облыстық бюджеттен бөлінетін ағымдағы мақсатты трансферттер есебінен 100 пайыз мөлшерінде:
      - коммуналдық қызмет жасау шығындарын өтеу үшін коммуналдық қызмет шығындары мөлшерінде;
      - от жағу маусымында қатты отын алуға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      - байланыс қызметіне абоненттік төлем мөлшерінде;
      - газбен қамтамасыздандыру, ай сайын өтеу күні ауданда қалыптасқан орташа статистикалық бағалар бойынша айына бір баллонның құны мөлшерінде.
      Коммуналдық қызмет жасау шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек:
      бұрынғы тортастыру лагерлерінің (концлагерлердің) кәмелетке толмаған тұтқындарына екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын көрсетіледі;
      арнайы әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы алушылар санатына жататын Ұлы Отан соғыс қатысушыларының жесірлеріне, қайтыс болған Ұлы Отан соғыс мүгедектерінің және қатысушыларының әйелдеріне екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.
      Әлеуметтік көмек коммуналдық қызмет жасау шығындарын өтеу үшін өтінішсіз уәкілетті ұйымның ұсынған тізімдері негізінде көрсетіледі.
      5) әлеуметтік көмек халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататындарға кірісті ескерумен:
      өмірлік қиын жағдайда ұсынылған азаматтар санатына он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет көрсетіледі;
      бірге тұратын 3 және одан да көп мектеп жасындағы балалары бар ең төмен күнкөріс деңгейі халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататындарға 1 қыркүйекке мектепке дайындау үшін, әлеуметтік мәртебесін растайтын анықтама негізінде әр балаға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет көрсетіледі;
      жедел түрде ем алуына байланысты медициналық мекемеден сырқаты туралы кітапшасынан алынған көшірмесі негізінде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет көрсетіледі;
      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқарушысының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен бекітілген тізілімге енгізілмеген дәрі-дәрмектерді сатып алғандары үшін дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша;
      аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын колледж студенттеріне білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтама, ауыл, ауылдық округ әкімінің қолдаухат, өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру актісі, бір оқу жылының төлеу квитанциялары негізінде оқу шығындарын жүз пайызға өтеу;
      жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын студенттерге оқуды аяқтағаннан кейін Зеренді ауданында жұмыспен өтеу есебімен, төлем білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, аудан әкімі, студент және жоғарғы оқу мекемесінің ректоры арасында жасалған үш жақты келісім шарты, оқу орнынан берілген анықтама, ауыл, ауылдық округ әкімінің қолдаухат және өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру актісі негізінде көрсетіледі.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның ұсынымы бойынша Зеренді ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) тұрақты мекен-жайын растайтын құжат;
      3) Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
      12. Аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын студенттер әлеуметтік көмек алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      колледждарда оқитындар:
      1) білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі;
      2) оқу орнынан берілген анықтама;
      3) ауыл, ауылдық округ әкімінің қолдаухат;
      4) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру актісі;
      5) бір оқу жылының төлеу квитанциялары;
      жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитындар:
      1) білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі;
      2) аудан әкімі, студент және жоғарғы оқу мекемесінің ректоры арасында жасалған үш жақты келісім шарты;
      3) оқу орнынан берілген анықтама;
      4) ауыл, ауылдық округ әкімінің қолдаухат;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру актісі.
      13. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      15. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
      Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      16. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      17. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      18. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      19. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      20. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағидаларының 16 және 17 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      21. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      22. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
      23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      24. Әлеуметтік көмек Зеренді ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      25. Әлеуметтік көмек ақшалай түрде, банктік операциялар жүргізуге лицензиясы бар екінші деңгейлі банктер немесе ұйымдар арқылы, алушының есеп шотына аудару жолымен көрсетіледі.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      26. Әлеуметтік көмек көрсетілген жағдайларда тоқтатылады:
      1) алушы қайтыс болғанда;
      2) алушы Зеренді ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде;
      3) алушының мемлекеттік медициналық – әлеуметтік мекемелерге тұруға жібергенде;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      27. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      28. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады