Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 17-151 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 3 қазанда № 3823 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 тамыздағы № 38-327 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 19.08.2015 № 38-327 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Ж.Ахметжанов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Қ.Ауғалиев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Зеренді ауданы әкімінің
      міндеттерін атқарушы                       Е.Жүсіпбеков

Зеренді аудандық мәслихаттың
2013 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 17-151 шешімімен     
бекітілген         

Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың
қағидалары

      Осы Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда қолданылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша аудан әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөрiс деңгейi – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтiн мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
      4) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;
      6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтiк қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган;
      7) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
      8) уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын ауданның халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы атқарушы органы;
      9) уәкiлеттi ұйым – «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының Зеренді бөлімшесі;
      10) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
      11) шектi шама – әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшер.
      2. Осы Қағидалар Зеренді ауданы аумағында және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.
      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде жергілікті атқарушы орган ақшалай нысанда мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне орай ұсынылатын көмекті атайды.
      4. Әлеуметтік көмек «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетiлген адамдарға әлеуметтiк көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетiледi.
      5.Әлеуметтiк көмек ақшалай нысанда алушылардың шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер немесе жеке банктық операцияларды жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар арқылы көрсетіледі.
      6. Әлеуметтік көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
      7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндердің тізбелері,сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі:
      1) 9 мамыр – Жеңіс күні (бір рет);
      2) 26 сәуір – Чернобыль атом электростанциясының апатты жою күні (бір рет);
      3) 15 ақпан – Ауғанстаннан әскерлерін шығару күні (бір рет);
      4) 1 қазан – Қарттар күні (бір рет);
      5) Мүгедектер күні – қазанның екінші жексенбісі (бір рет).

2. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесiн айқындау
және әлеуметтiк көмектiң шекті мөлшерлерiн белгiлеу
тәртiбi

      8. Азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
      Арнайы комиссиялар әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарған кезде жергiлiктi өкiлдi органдар бекiткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшiн негiздемелер тiзбесiн басшылыққа алады.
      9. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесi:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектері;
      2) Жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген тұлғалар, олардың ішінде:
      Ұлы Отан соғысы кезеңінде қалаларды қорғауға қатысқаны үшін, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін алдыңғы қатардағы әскердің әскери қызметкерлері үшін белгіленген жеңілдік шарттарына сәйкес еңбек ету жылдарына сәйкес еңбек ету жылдары зейнетақы тағайындауға енген әскери қызметшілер, мұнымен қатар ішкі істер органдарының басшылықтағы және қатардағы құрамында, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалық Одақтастығы мемлекеттік қауіпсіздік органдарында болғандар;
      Ұлы Отан соғысы кезеңінде алдыңғы қатардағы әскер құрамына енетін әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған кеңес әскерінің Әскери-Теңіз Флотының, ішкі істер органы мен әскерлерінің және бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалық Одағы мемлекеттік қауіпсіздік органдары құрамында, немесе осы кезең ішінде қалаларды қорғауға қатысқаны үшін, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін, алдыңғы қатардағы әскердің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарына сәйкес еңбек ету жылдары зейнетақы тағайындауға енген ерікті түрде жалданған тұлғалар;
      Ұлы Отан соғысы кезеңінде әрекеттегі әскер мен флот құрамына полк ұлдары (тәрбиеленушілері) және юнга ретінде енген, бөлімдер, штаттар және мекемелер құрамында болған тұлғалар;
      екінші дүниежүзілік соғыс жылдары фашистік Германияға және оның одақтастарына қарсы шет елдер аумағында партизан отрядтары жасырын ұйым топтары және басқа да антифашистік құрылымдар құрамында әскери іс-әрекетке қатысқан тұлғалар;
      Ұлы Отан соғысы кезеңінде әрекеттегі әскер мен флоттың, іс-қимылдағы майдан флоттардың мүддесіне сәйкес әскери жағдайға көшіріліп шұғыл аймақтарында, тыл шекарасы шеңберінде, мұнымен қатар Ұлы Отан соғысының басында іс-қимыл жасау үшін шетел айлақтарына (порттарына) жіберілген көлік флоты экипаждарының мүшелері, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалық Одақтастығының жол қатынастары халықтық комиссариатының, халықтық байланыс комиссариатының, балық аулау және көліктік кемелердің жүзуші құрамдарының және авиацияның ұшу-көтерілу құрамдарының, балық өндірісі халықтық комиссариатының, Солтүстік теңіз жолы басшылығының теңіз және өзен флотының, ұшу–көтерілу құрамының арнайы жасақтарының қызметкерлері;
      қоршау кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, қаланың мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Құрсаудағы Ленинградтың тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтар;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер және олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа мәжбүрлеп ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындары;
      басқа мемлекеттер аумағында әскери іс-қимылдарға қатысушылар, атап айтқанда бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалық Одақтастығы үкіметтік органдарының шешімімен басқа мемлекеттер аумағында әскери іс-әрекет қимылдарына қатысқан кеңес әскерінің, әскери Теңіз Флотының мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің, Кеңестік Социалистік Республикалық Одақтастығы ішкі істер министрлігінің қатардағы және басшылықтағы (әскери мамандарды және кеңесшілерді қоса) әскери қызметшілері, әскери жиынға шақырылып, әскери іс-қимыл кезеңінде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; Ауғанстанға әскери іс-қимыл жүргізу үшін осы елге жүктер тасуға жіберілген автомобиль батальонының жүргізушілері; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалық Одақтастығы аумағынан Ауғанстанға әскери тапсырма орындауға ұшқан ұшу құрамының әскери қызметкерлері; Ауғанстанда кеңестік әскери контингентте қызмет көрсеткен, осы жерде жарақат, жарымжандық және мертігуіне шалынған немесе әскери іс-қимылдарды қамтамасыз етуге қатысып бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалық Одақтастығының ордендері мен медальдарымен марапатталған қызметкерлер мен қызметшілер;
      Чернобыль атом электростанциясында 1986-1987 жылдары болған апат салдарын, басқа да азаматтық және әскери объектілердегі аймақтық зілзала апаттарын қалпына келтіруге, мұнымен қатар ядролық сынақтарға және жаттығуларға тікелей қатысқан тұлғалар;
      3) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктері бойынша теңелген тұлғалар, олардың ішінде:
      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалық Одақтастығы қорғау кезінде, әскери қызметтің басқа да міндеттерін орындау барысында, әскери іс-әрекеттерге жүргізілген, майданда болуына байланысты науқас салдарының басқа да кезеңдерінде Ауғанстанда және басқа мемлекеттерге әскери қызметтерін өтеу кезінде жарақат алу жарымжандық, мертігуіне байланысты мүгедек болған әскери қызметкерлер;
      әскери қызметтің басқа да міндеттерін орындау барысында, майданда болуына байланысты науқас салдарының басқа да кезеңдерінде немесе әскери іс-әрекеттер жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін өтеу кезінде жарақат алу, жарымжандық, мертігуіне байланысты мүгедек болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалық Одақтастығы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшылықтағы және қатардағы құрамдағы тұлғалары;
      1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Украин Кеңестік Социалистік Республикалық, Беларусь Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, Латвия Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстония Кеңестік Социалистік Республикасы аумағында іс-әрекет жасаған истребительдік батальондардың, халықты қорғау взводтарымен отрядтарында болып, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару барысында алынған жарақаттарынан, жарымжандылықтарынан, мертігуге шалдығуына байланысты мүгедек болған жауынгерлер және басқарушылық құрамда болған тұлғалар;басқа мемлекеттерде іс-әрекет жасаушы әскери контингеттерге қызмет көрсетіп, әскери іс-әрекет кезеңінде алынған жарақаттар жарымжандылық, мертігу немесе науқас салдарынан мүгедек болған мүгедек қызметкерлер мен қызмет көрсетушілер;
      Чернобыль атом электростанциясында болған апат және басқа да азаматтық және әскери бағыттағы объектілерде орын алған радиациялық зілзала және апат, ядролық қаруды сынақтан өткізу салдарынан мүгедек болған тұлғалар және ата-аналарының біреуі радиациялық сәуле алуына байланысты, генетикалық тұрғыдан дәлелденген олардың балалары;
      4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген басқа да санаттағы тұлғалар:
      қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары, атап айтқанда:
      - бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалық Одақтастығын қорғау кезеңде әскери қызметтің басқа да міндеттерін орындау кезінде (қызметтік міндеттер) немесе майданда болуына байланысты науқас салдарынан қайтыс болған (із-түссіз жоғалған) немесе жарақат, жарымжандық немесе мертігу нәтижесінде қаза болған әскери қызметкерлердің, партизандардың, жасырын ұйым мүшелерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және мүгедектерінің, жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мүгедектерінің отбасылары; Ұлы Отан соғысында жергілікті әуе шабуылының қорғанудың апаттық командасы және объектілерді ерікті қорғау тобы жеке құрылымынан мерт болғандардың отбасылары; Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларында қайтыс болған қызметшілердің отбасылары; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалық Одақтастығы қорғаныс министрлігі, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарымен шақырылып, қоғамға қарсы әрекетерімен байланысты орын алған төтенше жағдайлар барысында қоғамдық тәртіп міндеттерін атқару кезінде қайтыс болған (қаза болған) басшылықтағы және қатардағы әскери қызметкерлердің отбасылары; әскери іс-әрекеттер жүргізілген Ауғанстанда және басқа да мемлекеттерде әскери іс-әрекеттер барысында қаза болған (із-түссіз жоғалған) жарақаттарынан, жарымжандылығынан, мертігуінен, науқастан қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары; бейбіт күндері әскери қызметін өтеу кезінде қайтыс (мерт) болған әскери қызметшілердің отбасылары; Чернобыль атом электростанциясы және басқа да азаматтық және әскери бағыттағы объектілердегі радиациялық зілзалалар және апаттар салдарынан қалыпқа келтіру кезінде қайтыс болған тұлғалардың отбасылары; Чернобыль атом электростанциясы және басқа да азаматтық және әскери бағыттағы объектілердегі радиациялық зілзалалар және ядролық сынақтардың әсерінен қайтыс болғаны белгілі болған жандардың, мұнымен қатар ядролық сәуле салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің отбасылары; жеңілдіктер құқығы берілетін отбасы мүшелеріне жататындар: қаза болған (із-түссіз жоғалған, қайтыс болған) тұлғаның балалары мен қарауындағы жандарға асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;ата-аналары; ері (зайыбы) қайта некеге тұрмаған жағдайда;
      қайтыс болған соғыс ардагерлерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), мұнымен қатар қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, жасырын ұйымда болғандардың әйелдері (күйеулері), «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «құрсаудағы Ленинградтың тұрғыны» белгісімен марапатталған, жалпы науқас нәтижесі бойынша, еңбекке және басқа себептермен (заңға қарсы келмейтін жағдайларда), қайтадан некеге тұрмаған азаматтар;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында Ерен еңбегі және тылдағы мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалық Одақтастығы ордендері және медальдарымен марапатталған тұлғалар, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде алты айдан кем емес мерзімде жұмыс жасаған (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында Ерен еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалық Одақтастығы ордендерімен, медальдарымен марапатталмаған тұлғалар, мұнымен қатар 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электростанциясы апатты қалыпқа келтіруге қатысушылар, Қазақстан Республикасына көшірілген (өз еркінше келген) көшірілетін күні шешелерінің құрсағында болған балаларын қоса есептегендегі тұлғалар;
      соғыс іс-әрекеттері жүргізілген Ауғанстанға 1979 жылдың 1 желтоқсанынан 1989 жылдың желтоқсанына дейін және басқа мемлекеттерге жұмысқа жіберілген қызметкерлер мен жұмысшылар;
      Ауғанстан аумағында уақытша болып, кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінен кірмеген бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалық Одақтастығы Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің қызметкерлері мен жұмысшылары;
      5) Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға, зейнетақылық жастағы, оның ішінде зейнеткер тұлғалар төменгі мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер;
      6) мүгедектер, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      7) саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен тұлғаларға;
      8) көп балалы отбасыларға, олардың ішінде:
      «Алтын алқа», «Күміс алқа», I-II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған немесе бұрын «Батыр-Ана» атағын алған көпбалалы аналар;
      төрт және одан көпбалалары бар көпбалалы отбасылар;
      9) селолық жерлерде тұратын аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың студент балалары;
      10) аз қамтылған азаматтар;
      11) әлеуметтік маңызды ауруларға шалдыққан азаматтар: ісік аурулары және туберкулез ауруына шалдыққандар;
      12) өрт және табиғи апаттар салдарынан өмірлік қиын жағдайға таба болған азаматтарға;
      13) күйзеліс жағдайда жан басына шаққандағы орташа табыстағы ең төмен күнкөрістегі азаматтарға.
      10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін әрбір арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
      12. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері:
      кірісті ескерусіз:
      1) шұғыл немесе төтенше жағдайлар - қауіпті табиғи апаттар, өрт және материалдық шығын келтірген басқа да бақытсыздық жағдайлар өтінішке сәйкес материалдық шығынға, өрт немесе су тасқынына ұшыраған тұлғаға төтенше жағдай анықтамасы бойынша 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет беріледі. Өтініш білдіру мерзімі 6 ай;
      2) әлеуметтік маңызды науқастары бар азаматтарға, құрт ауруымен туберкулезбен ауыратын азаматтарға (фтизиатр анықтамасы) негізінде, ісік ауруына шалдығып ісіктік стационар жағдайында арнайы емделіп жатқан азаматтарға науқас тарихы үзіндісі негізінде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет жасалады;
      күнкөріс мөлшері дейінгі кірісті ескерумен:
      3) ұсынылған азаматтар санатына әлеуметтік көмек күйзеліс (шұғыл) жағдайда 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет көрсету;
      материалдық көмек отбасыларға (азаматтарға) төмендегідей жағдайларда жасалсын:
      жедел түрде ем алуына байланысты медициналық мекемеден сырқаты туралы кітапшасынан алынған көшірмесі негізінде бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулықты сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен бекітілген тізілімге енгізілмеген дәрі-дәрмектерді сатып алғандары үшін Дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) селолық жерлерде тұратын, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың студент балаларына, колледждің күндізгі бөлімінде оқығанына жылына бір рет облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен, оқу ақысы мөлшерінде оқу орнын растайтын анықтама, оқу келісімінің көшірмесі, көпбалалы отбасы құзырын растайтын анықтама негіздеме оқуақы төлемі мөлшерінде жасалады;
      5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңелдірілгендерге, 18 жасқа дейінгі балалары бар көпбалалы отбасыларға Қазақстан Республикасының «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылдың 18 қаңтарындағы Заңының 42 бабының 9 тармағына сәйкес теледидар абоненттік жабдықпен (приставка) қамтамасыздандыру үшін жабдықтың тұратын құны мөлшерінде, бір рет;
      6) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет төлем жасау шығындары бойынша, оның ішінде ай сайын облыстық бюджеттен бөлінетін ағымдағы мақсатты трансферттер есебінен 100 пайыз мөлшерінде:
      коммуналдық қызмет жасау шығындарын өтеу үшін коммуналдық қызмет шығындары мөлшерінде;
      от жағу маусымында қатты отын алуға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      байланыс қызметіне абоненттік төлем мөлшерінде;
      газбен қамтамасыздандыру, ай сайын өтеу күні ауданда қалыптасқан орташа статистикалық бағалар бойынша айына бір баллонның құны мөлшерінде.

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

      13. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органдармен бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      14. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;
      3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;
      4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;
      5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.
      15. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
      16. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
      17. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Қағидаларға 23-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне жiбередi.
      Кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
      18. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
      19. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
      20. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      21. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
      22. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кент, ауыл, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      23. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
      24. Белгiленген негiздемелердiң бiреуi бойынша әлеуметтiк көмек күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде қайта көрсетiлмейдi.
      25. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      26. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
      27. Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет төлем жасау шығындары жеке тұлғаның (алушының) жазбаша өтініші және ұсынылған құжаттар негізінде алушының жеке шоты немесе қызмет көрсетушінің шотына аудару арқылы төлем жасалады. Ұлы Отан соғысына қатысушы пайдаланып жүрген жеңілдіктер, оның пайдалану мерзімі кезеңі ішінде онымен бірге тұратын немесе тіркелген жандарға да осы әлеуметтік көмек түрі көрсетіледі.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн
негiздемелер

      28. Әлеуметтiк көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы Зеренді ауданының шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      29. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      30. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.

Әлеуметтiк көмек көрсетудiң,
оның мөлшерлерiн белгiлеудiң
және мұқтаж азаматтардың 
жекелеген санаттарының  
тiзбесiн айқындау    
қағидаларына       
1-қосымша         

Отбасының тіркелген нөмірі________________________

Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

________________________             __________________________
(өтініш берушінің А.Т.Ж.)            (тұратын мекен-жайы, тел.)

№ қ/б

Отбасы мүшелерінің А.Т.Ж.

Өтініш берушіге туыстық қатысы

Туған жылы













Өтініш берушінің қолтаңбасы_________________ Күні___________________

Отбасы құрамы туралы
мәліметтерді растауға
өкілетті органның
лауазымды тұлғасының А.Т.Ж.    _________________
                                 (қолтаңбасы)

Әлеуметтiк көмек көрсетудiң,
оның мөлшерлерiн белгiлеудiң
және мұқтаж азаматтардың 
жекелеген санаттарының  
тiзбесiн айқындау    
қағидаларына       
2-қосымша        

Өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның
(отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТIСI

      20__ ж. «___» _______

      _____________________
      (елдi мекен)

      1. Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. ____________________________________
      2. Тұратын мекенжайы __________________________________________
____________________________________________________________________
      3. Өтiнiш берушi әлеуметтiк көмекке өтiнiш берген туындаған
өмiрлiк қиын жағдай
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледi) ______
адам, оның iшiнде:

Р/с

Т.А.Ә.

Туған күнi

Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебi

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсiптiк даярлығы (қайта даярлау, бiлiктiлiгін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсендi шараларына қатысуы туралы мәлiметтер

Өмiрлiк қиын жағдай









      Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.
      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелгендерi ____
адам.
      Балалардың саны: ______________________________________________
      жоғары және орта оқу орындарында ақылы негiзде оқитындар ______
адам, оқу құны жылына ______ теңге.
      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы
мүгедектерiнiң, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы
мүгедектерiне теңестiрiлгендердiң, зейнеткерлердiң, 80 жастан асқан
қарт адамдардың, әлеуметтiк маңызы бар аурулары (қатерлi iсiктер,
туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың,
мүгедектердiң, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты
қосу керек) ____________________________________________________________
____________________________________________________________________
      5. Өмiр сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған,
жекешелендiрiлген тұрғын үй, қызметтiк тұрғын үй, тұрғын үй
кооперативi, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):
____________________________________________________________________
      Тұрғын үйдi ұстауға арналған шығыстар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Отбасының табысы:

Р/с

Табысы бар отбасы мүшелерiнiң (оның iшiнде өтiнiш берушiнiң) Т.А.Ә.

Табыс түрi

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесi (жер үлесi) туралы мәлiметтер

тоқсанға

орта есеппен айына































6. Мыналардың:
автокөлiгiнiң болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретiн құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс)
____________________________________________________________________ ________________________________________ қазiргi уақытта өздерi тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдiң болуы (оны пайдаланғаннан түскен
мәлiмделген табыс) ___________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      7. Бұрын алған көмегi туралы мәлiметтер (нысаны, сомасы, көзi):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзi):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киiммен, аяқ киiммен
қамтамасыз етiлуi ___________________________________________________
      10. Тұратын жерiнiң санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы _____
____________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы:
      ________________________      ________________________

      Комиссия мүшелерi:
      ________________________      ________________________
      ________________________      ________________________
      ________________________      ________________________
      ________________________      ________________________
      (қолдары)                          (Т.А.Ә.)

      Жасалған актiмен таныстым: ____________________________________
                     Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. және қолы

      Тексеру жүргiзiлуден бас тартамын ______________________ өтiнiш
берушiнiң (немесе отбасы мүшелерiнiң бiрiнiң) Т.А.Ә. және қолы, күнi
____________________________________________________________________
(өтiнiш берушi тексеру жүргiзуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

Әлеуметтiк көмек көрсетудiң,
оның мөлшерлерiн белгiлеудiң
және мұқтаж азаматтардың 
жекелеген санаттарының  
тiзбесiн айқындау     
қағидасына         
3-қосымша         

Учаскелiк комиссияның № ______ қорытындысы

      20__ ж. ___ ______

      Учаскелiк комиссия Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн
белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн
айқындау қағидаларына сәйкес өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына
байланысты әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш берген адамның (отбасының)
____________________________________________________________________
      (өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)
өтiнiшiн және оған қоса берiлген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар
және өтiнiш берушiнiң (отбасының) материалдық жағдайын тексеру
нәтижелерiнiң негiзiнде
____________________________________________________________________
      (қажеттiлiгi, қажеттiлiктiң жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты
әлеуметтiк көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады.

      Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
      Комиссия мүшелерi: __________________ _______________________
      __________________ _______________________
      __________________ _______________________
      __________________ _______________________
      (қолдары)           (Т.А.Ә.)

      Қорытынды
      қоса берiлген құжаттармен ___ данада
      20__ ж. «___» ___________ қабылданды
      Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң немесе
      уәкiлеттi орган қызметкерiнiң Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады