Зеренді аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 6 наурыздағы № 12-110 "Зеренді ауданында салық салу мақсаты үшін ауылдық елді мекендердің және ауыл шаруашылығына арналған жерлерге бақалау аймақтары шекараларының және жер телімдері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 41-344 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 желтоқсанда № 5118 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-150 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 25.12.2017 № 18-150 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Зеренді аудандық мәслихаттың "Зеренді ауданында салық салу мақсаты үшін ауылдық елді мекендердің және ауыл шаруашылығына арналған жерлерге бағалау аймақтары шекараларының және жер телімдері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2013 жылғы 6 наурыздағы № 12-110 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3703 тіркелген, 2013 жылғы 19 сәуірде "Зерделі–Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбында және барлық мәтіні бойынша "және ауыл шаруашылығына арналған" сөздері алынып тасталсын;

      шешімнің 1 тармағындағы "1, 2 қосымшаларға" сөздері "қосымшаға" сөзіне ауыстырылсын;

      шешімнің 2 қосымшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Зеренді аудандық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы А.Балтабаева
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Қ.Ауғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Зеренді ауданының әкімі А.Мұратұлы

      2015 жылғы "12" 11

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады