Қорғалжын ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 қазандағы № 7/40 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қарашада № 5085 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 1/45 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 15.01.2016 № 1/45 (қол қойылған күннен бастап күшіне еніп және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 387 бабының 1-1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қорғалжын ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қорғалжын аудандық
      мәслихатының сессия
      төрағасы                                   Ш.Ахметов

      Қорғалжын аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Ө.Балгабаев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Қорғалжын ауданының әкімі                  Қ.Рыскелдінов
      26.10.2015

      «Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігі Мемлекеттік кірістер
      комитеті Мемлекеттік кірістер
      департаменттерінің Қорғалжын
      ауданы бойынша мемлекеттік
      кірістер басқармасы» Республикалық
      мемлекеттік мекеме басшысы                 М.Алибекова
      26.10.2015

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады