Қорғалжын ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 1/45 шешімі

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызметтін өтуінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Келесі Қорғалжын аудандық мәслихат шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) Қорғалжын аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 қазандағы №7/40 «Қорғалжын ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешімі (№ 5085 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік Тіркеу тізімінде тіркелген, 2015 жылдың 10 желтоқсанында «Нұр-Қорғалжын» аудандық  газетте жарияланған);
      2) Қорғалжын аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 қазандағы № 5/40 «Қорғалжын аудандық мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімі (№5084 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік Тіркеу тізімінде тіркелген, 2015 жылдың 10 желтоқсанында «Нұр-Қорғалжын» аудандық газетте жарияланған).
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне еніп және қолданысқа енгізіледі

      Аудандық  мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Е.Қалдыбаев

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Ө.Балғабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады