Шортанды ауданы әкімдігінің "2015 жылға арналған қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындау, ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және олардың қаржыландыру көздерін бекіту туралы" 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № А-12/298 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № А-3/74 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 сәуірде № 4765 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шортанды ауданы әкімдігінің «2015 жылға арналған қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындау, ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және олардың қаржыландыру көздерін бекіту туралы» 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № А-12/298 қаулысымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4608 болып тіркелген, «Вести» және «Өрлеу» газеттерінде 2015 жылғы 07 ақпанда жарияланған) 2015 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және олардың қаржыландыру көздері келесі өзгеріс енгізілсін:
      10 жолдағы «Қытысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерлері» баған жаңа редакцияда баяндалсын:

10

«Шортанды ауданының Дамса селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

1. Округ елді мекендерің аумағын абаттандыру және тазалау
 
 
 

2. Іс жүргізуде көмек көрсету

40000 шаршы метр
 
 
 
 
 

200 іс, 115 кітап

қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес жасалған шартқа сай

1,5 ең төменгі жалақы
 
 
 
 
 

ең төменгі жалақы

жергілікті бюджет

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Е.Қ.Мұхамединге жүктелсін.
      3. Осы қаулының іс-әрекеті 2015 жылғы 20 наурызда туындаған құқықтық қатынасқа таратылады.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шортанды ауданының
      әкімі                                      Г.Сәдуақасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады