Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидаларының 50-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 мамырдағы № 148 "Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін Ақтөбе облысының коммуналдық мүлкін жалдау төлемінің есептік ставкаларын анықтау Қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3918 болып тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2014 жылғы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістермен толықтыру енгізілсін:
қаулының атауында және бұдан әрі барлық мәтіні бойынша "Ақтөбе облысының коммуналдық мүлкін" деген сөздер "облыстың коммуналдық мүлкін" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта "әкімінің" деген сөзден кейін "бірінші" деген сөзбен толықтырылсын;
жоғарыда аталған қаулымен бекітілген Қағидаларда:
2-тармақтың 5-азат жолында "Ақтөбе облысы бойынша" деген сөздер "облыстың коммуналдық мүлкі үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
орысша мәтіндегі 3-тармақтағы кестенің 6-жолының 3-азат жолындағы "(ауыл)" деген сөз алынып тасталсын.
2. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жариаланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |