Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 76 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 сәуірде № 4274 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімідігінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 144 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімідігінің 06.05.2015 № 144 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 13-бабы 1-1 тармағының 6-4) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Н.Есқалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А.Мұхамбетов

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 3 наурыздағы
№ 76 қаулысымен бекітілген

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі

      1. Осы облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленген және автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде плакаттар, стенділер, жарық тақталар, билбордтар, транспаранттар, афишалар және басқа де жарнамаларды тұрақты орнату объектілері түріндегі сыртқы көрнекі жарнамаларды орналастыру шарттарын, келісу және орналастыру тәртібін белгілейді.
      2. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінің жол органдары немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерін облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы, жолдардың көліктік-пайдалану сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдары жүрісінің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауы шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға шарт бойынша қысқа мерзімді уақытша жер пайдалануға беруі мүмкін.
      3. Cыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің орналастыру көлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау шарттарының және қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер мен стандарттар талаптарының сақталуы жағдайында жолдың көлік-пайдалану сапасын төмендетуге жол берiлмейтiн ретте жүзеге асырылады.
      4. Нысан иелерімен облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары иелігіне қарайтын жергілікті атқарушы органдарға осы Тәртіпке қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш береді. Өтінішке түстік шешімі мен мөлшері бар объектінің эскизі, сондай-ақ объектілер иелерінің өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжат қоса беріледі. Жергілікті атқарушы органдар өтінішке сәйкес объектілердің орналасу орнын айқындайды, егерде өтінішке сәйкес объектілерді орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда басқа орынды ұсынады, сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің өлшемдері мен көркемдік орындалуының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.
      5. Мәселе оң шешілген жағдайда нысанды (объектіні) жолға байланыстыру жүзеге асырылады және паспорт ресімделеді, онда: паспорттың қолданылу мерзімі, объект бойынша және оған таяу жерде қозғалысты ұйымдастырумен бірге объектіні жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолына орналастырудың схемасы мен сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің эскизі көрсетіледі.
      6. Паспортты облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша жергілікті атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде береді.
      Паспорт бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі иесінің жазбаша өтініші бойынша ұзартылады.
      Орнатылған объектілердің мөлшерлері өзгерген жағдайда паспорт қайта ресімдеуге жатады.
      Паспорттың қолданылуы объектінің іс жүзіндегі мөлшері паспортқа енгізілген мөлшерге сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде тоқтатылады.
      7. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің иелерінен алынатын төлем тиісті бюджетке енгізілуі тиіс.
      8. Құжаттамаларды тиісінше ресімдемей және оны жергілікті атқарушы органдарда келіспей, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін өз бетінше орналастыруға жол берілмейді.
      Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін нақты орналастыру тиісті рұқсат беру құжаты болмаған кезде төлем сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады.
      9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы өз бетінше орналастырған иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жол шаруашылығына келтірілген материалдық залалды өтейді.
      Жолға бөлінген белдеуді өз бетімен пайдалану, заңсыз пайдаланған уақытта тартқан шығындары өтелместен, тоқтатылады.

  Облыстық және аудандық
маңызы бар жалпыға ортақ
пайдаланылатын автомобиль
жолдарының жолға бөлінген
белдеуінде сыртқы (көрнекі)
жарнаманы орналастыру
тәртібіне қосымша

       (басшының Т.А.Ә.)
_____________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. не
_____________________________
заңды тұлғаның толық атауы)
_____________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын
_____________________________
куәландыратын құжаттардың деректемелері,
_____________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)

ӨТІНІШ

      Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға паспорт беруіңізді сұраймын.
      Күні _______ Алушы _______________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе
_________________________________________________
заңды тұлғаның не уәкілетті адамның
_________________________________________________
атауы, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады