Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық мәслихатының 17.05.2021 № 43 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 1 - бабының 3 - тармағының 6) тармақшасына, "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнің 495-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3349 тіркелген, 2011 жылғы 6 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қосымшасына мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы шешімнің қосымшасына сәйкес 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Облыстықмәслихаттың хатшысы |
В. ЩЕГЕЛЬСКИЙ | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
2015 жылғы 27 мамырдағы № 312 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша |
|
2010 жылғы 13 желтоқсандағы №337 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша |
6. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
р/с | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | |
1 тонна үшін | 1 гигабеккерель (Гбк) үшін | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін: | ||
1.1. | Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы) | 0,38 | |
1.2. | Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар: | ||
1.2.1. | "қызыл" тізім | 14 | |
1.2.2. | "жақұт" тізім | 8 | |
1.2.3. | "жасыл" тізім | 2 | |
1.2.4. | сыныпталмағандар | 0,9 | |
1.3. | Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар: | ||
1.3.1. | Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | ||
1.3.1.1. | аршынды жыныстар | 0,004 | |
1.3.1.2. | жанас таужыныстары | 0,026 | |
1.3.1.3. | байыту қалдықтары | 0,02 | |
1.3.1.4. | шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.3.2. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.3.3. | күл мен күлшлактар | 0,66 | |
1.3.4. | ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы | 0,001 | |
2. | Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк): | ||
2.1. | Трансуранды | 0,76 | |
2.2. | Альфа-радиоактивті | 0,38 | |
2.3. | Бета-радиоактивті | 0,04 | |
2.4. | Шынақты радиоактивті көздер | 0,38 |