""Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 135 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 273 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 тамызда № 4488 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 107 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 19.03.2020 № 107 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. ""Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 135 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4339 тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымында "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. "Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А.Мұхамбетов

  Облыс әкімдігінің
2015 жылғы 21 шілдедегі
№ 273 қаулысына қосымша
  Облыс әкімдігінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 135 қаулысымен бекітілген

"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкiлеттi органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету формасы: қағаз түрінде.

      3. Үй сатып алуға немесе салуға арналған бюджеттік кредит және көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру нысаны – қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекет тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9–тармағымен көзделген құжаттар тізбесін ұсыну және өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімдерді (іс-әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:

      құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, ұсынылған құжаттарды қарастыру үшін комиссияға жібереді (5 (бес) күнтізбелік күн ішінде).

      2) комиссия:

      ұсынылған құжаттарды қарастырады және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне көрсетілетін қызметті алушыға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы ұсыныс жасайды (10 (он) күнтізбелік күн ішінде);

      әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші дәлелді жауап жолдайды (3 (үш) жұмыс күні ішінде).

      3) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі:

      көрсетілетін қызметті алушыға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы ұсыныс (хаттама) түскен жағдайда оны қарастырады және көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулы қабылдайды (10 (он) күнтізбелік күн ішінде).

      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:

      қаулы қабылданғаннан кейін Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, көрсетілетін қызметті алушы және сенім білдірілген адам (агент) арасында көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісім жасалады (7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде);

      келісім жасалғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші көтерме жәрдемақы сомасын көрсетілетін қызметті алушының жеке дербес шотына аударады (7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде).

      5) сенім білдірілген өкіл (агент):

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредитті ұсынады (30 (отыз) жұмыс күні ішінде).

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      комиссия;

      аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі;

      сенім білдірілген өкіл (агент).

      7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігінің сипаттамасы:

      көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдайды және тіркейді, ол құжаттарды қарастыру үшін комиссияға жібереді (5 (бес) күнтізбелік күн ішінде);

      комиссия құжаттарды қарастырады және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы ұсыныс жасайды (10 (он) күнтізбелік күн ішінде);

      әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші дәлелді жауап жолдайды (3 (үш) жұмыс күні ішінде);

      аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы ұсыныс (хаттама) түскен жағдайда оны қарастырады және қаулы қабылдайды (10 (он) күнтізбелік күн ішінде);

      қаулы қабылданғаннан кейін әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісім жасалады (7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде);

      келісім жасалғаннан кейін көтерме жәрдемақы сомасын жеке дербес шотқа аударады (7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде);

      сенім білдірілген өкіл (агент) тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредитті ұсынады (30 (отыз) жұмыс күні ішінде).

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-әрекет тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.

  "Ауылдық елді мекендерге
жұмыс істеу және тұру үшін
келген денсаулық сақтау, білім
беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет спорт
және агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы мамандарға
әлеуметтік қолдау шараларын
ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады