"Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 354 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 қарашада № 4550 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 22 қарашадағы № 484 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 22.11.2016 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 01 қазандағы № 354
қаулысына қосымша

Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі № 152 ""Ақтөбе облысының білім департаменті" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" қаулысының 2-тармағы;
      2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 201 "Балалар құқықтарын қорғау басқармасын құру туралы" қаулысының 3-тармағы;
      3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № 208 "Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі № 152 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы;
      4. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 403 "Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі № 152 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының 1-тармағы;
      5. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 226 "Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі № 152 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы;
      6. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 34 "Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің кейбір мәселелері туралы" қаулысының 2-тармағы.

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 1 қазандағы
№ 354 қаулысымен бекітілді

"Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік органы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес әзірленді және "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәртебесін және өкілеттігін айқындайды.
      2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі білім саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      3. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
      4. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      5. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады, қайта ұйымдастырылған "Ақтөбе облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтық мирасқоры болып табылады және өзіне қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның барлық құқықтары мен міндеттемелерін (мүлік және мүліктік емес) қабылдайды.
      6. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      7. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамағы сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      8. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      9. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      10. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 030010, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40,.
      11. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      12. Осы Ереже "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметiн каржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      14. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Ақтөбе облысының білім басқармасының мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы білім беру саласында сапалы, бәсекеге қабілетті, "барлығы үшін өмір бойына білім" қағидатына сәйкес нәтижеге бағдарланған білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметінің мақсаты Ақтөбе облысында білім беруді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу және білім саласында азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету болып табылады.
      16. Міндеттері:
      1) білім беру үдерісінің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында облыстың біртұтас білім кеңістігін дамыту стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру;
      2) мектепке дейінгі және ақысыз бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімді жалпыға бірдей қолжеткізуге, сонымен қатар жалпы білім беру мекемелерінде қосымша білім алу үшін мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету;
      3) мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілер, жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін негізгі жалпы білім беру бағдарламалары бойынша жалпыға бірдей қолжетімді мектепке дейінгі және ақысыз жалпы білім беруді ұйымдастыру;
      4) жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек балалардың конституциялық құқығы мен заңды мүдделерін, сонымен қатар оқушылар (тәрбиеленушілер) мен облыстық мемлекеттік білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;
      5) жалпы қолжетімді және сапалы білім беруді жетілдіру бойынша бағынысты білім беру мекемелерінің қызметін дамытуға бағытталған кешенді іс-шараларды анықтау және жүзеге асыру.
      17. Функциялары:
      1) білім беруді дамыту бағдарламаларын әзірлейді және мәслихаттың бекітуіне енгізеді;
      2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;
      3) балаларды арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;
      4) дарынды балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз етеді;
      5) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
      6) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;
      7) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бойынша ұсыныстар енгізеді;
      8) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітуге ұсыныстар енгізеді;
      9) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
      10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      11) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;
      12) облыс ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадалар және ғылыми жобалар конкурстардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
      13) конкурс жеңімпаздарына - мемлекеттік орта білім беру мекемелеріне "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлеуді ұйымдастырады;
      14) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
      15 ) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялық көмек көрсетуді үйлестіреді;
      16) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
      18) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді;
      19) демеушілік және қайырымдылық көмектер үшін бағынысты мемлекеттік мекемелердің есеп-шотына түскен ақша сомаларының пайдаланылуы туралы есептер жасайды;
      20) меншік түріне қарамастан, білім беру ұйымдарында білім берудің оқу-тәрбие үрдістері мазмұнының мемлекеттік білім берудің стандарттарының талаптарына сәйкестігін ұйымдастырады және бақылау жүргізеді;
      21) білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлерін аттестациядан өткізеді;
      22) жоғары орындарға мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру мәселелері бойынша статистикалық есептер береді;
      23) техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру және кадрлар дайындау мәселелері бойынша жұмыс берушілері және оқу орындары арасында әлеуметтік серіктестікті дамытуға әрекет етеді;
      24) оқу-тәрбиелік процесінің сапасына, жұмысшылар мен мамандарды даярлау деңгейіне, басқару кадрлары мен мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға мониторинг жүргізеді;
      25) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді қайта даярлау және кәсіби біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
      26) басқармаға бағынысты білім беру ұйымдарын облыстық бюджеттен қаржыландыруды қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      27) облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақтары комитетімен бірлесіп білім беру жүйесіндегі келісімдерді жасайды және бекітеді, білім беру саласындағы қызметкерлердің еңбегіне қарай материалдық және моральдық ынталандырудың шараларын жүзеге асырады. Оларды үкіметтік және ведомстволық марапаттауларға ұсынады;
      28) "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыры шегінде жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдарды қарау;
      29) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, адамгершілік және рухани білім беруге бағытталған тұжырымдамалардың, бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
      30) балалардың құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттардың жүзеге асырылуын, әлеуметтік және құқықтық кепілдіктердің сақталуын, аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып балалардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік төменгі әлеуметтік стандарттардың сақталуын қамтамасыз етеді;
      31) аймақтағы балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы есептерді құрады;
      32) кәмелетке толмаған балаларға, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау қызметін атқаратын ұйымдарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымдардың құрылуын қамтамасыз етеді және олардың қызметіне мониторинг жүргізеді;
      33) жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды тәрбиеленіп жатқан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды аймақтық есепке алуды жүргізеді;
      34) кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты, қараусыздық пен панасыздықты алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру шараларын жүзеге асыратын коммерциялық емес және басқа да ұйымдарға ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетеді;
      35) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте өмірдің қиын жағдайына тап болған кәмелетке толмағандарға еңбекпен қамту және тұрмыстық жағдай жасау, басқа да көмек көрсету бойынша шараларды қабылдайды;
      36) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының қызметін қамтамасыз етеді және Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы тұлғаларға жағдай жасайды;
      37) балаларға қатысты зорлық-зомбылықты, балалар еңбегін қанауды алдын алу және ескерту бойынша шаралар жиынын жүзеге асырады;
      38) балалардың құқықтары мен мүдделерін білдіретін әлеуметтік маңызы бар балалар бастамалары мен жобаларына қолдау көрсетеді;
      39) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша шараларды жүргізу, ақпараттандыру және кеңес беру шараларын қабылдайды;
      40) балаларды денсаулығына, адамгершілік және рухани дамуына зиянын тигізетін әлеуметтік ортаның жағымсыз әсерінен, ақпараттардан, үгіттік – насихаттық шаралардан қорғау мақсатында ақпараттық-түсіндірме және ағартушылық қызметін жүргізеді;
      41) жергілікті бюджет қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасының заңдарымен тиым салынбаған басқа да көздерден балалардың мүддесіне бағытталған мемлекеттік саясат іс-шараларын ұйымдастырады және жүргізеді;
      42) әлеуметтік жетімдікті алдын алу бойынша қорғаншылық және қамқоршылық қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді;
      43) балалардың құқықтарын қорғау қызметін атқаратын ұйымдармен олардың қызметіне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді;
      44) өз құзыреті шегінде заңмен бекітілген тәртіпте жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды еңбекпен және тұрғын үймен міндетті қамтуды жүргізеді;
      45) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады;
      46) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
      47) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
      48) мамандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді.
      18. Міндеттері мен құқықтары:
      1) белгіленген тәртіппен арыз-шағымды қарау үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      2) еңбек Кодексіне және басқа да нормативті құқықтық актілерге, сонымен қатар еңбек және ұжымдық келісім-шарттарына сәйкес өз құзіреті шегінде актілер шығаруға;
      3) басқарманың құзырына қатысты мәселелерді шешу бойынша облыс әкіміне және облыстық мәслихатқа қарауға ұсыныстар енгізуге;
      4) гендерлік және отбасы-демографиялық саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру мәселелерін қарау;
      5) облыс әкімі мен әкімдігінің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      6) акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларының мемлекеттік пактені (жарғылық капиталындағы қатысу үлесін) өкімдік ету құқығынсыз иелену және пайдалану;
      7) заңды және негізді шешімдер шығару.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшылықты "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
      20. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысын Ақтөбе облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      22. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
      1) басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен функциялардың жүзеге асырылуына тікелей жауапты;
      2) басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын қабылдауға бағытталған басшының тікелей жауапкершілігімен белгіленетін шаралар қабылдау;
      3) басқарма басшысының орынбасарларының жауапкершілік деңгейін белгілейді;
      4) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру мекемелері мен ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және босатады.
      Ақтөбе облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      23. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      Мемлекеттік органның мүлкi мемлекет берген мүлік есебінен, сондай-ақ мемлекеттік органның балансында бағасы көрсетілген мүліктен қалыптастырылады.
      "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі - (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) Ақтөбе облысының қаржы басқармасы болып табылады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік органы және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1) "М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) "Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) "Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) "Есет Батыр атындағы Ақтөбе облыстық мамандандырылған көпсалалы лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5) "Алға облыстық балалар Үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6) "Ақтөбе облыстық Жасөспірімдер Үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7) "Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8) "Облыстық туберкулез-санаториясы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9) "Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10) "№ 7 арнайы (түзету) мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11) "Жайсаң арнайы білім беру ұйымы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12) "Ақтөбе облыстық оңалту (арнайы) орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13) "Темір отбасы үлгісіндегі балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14) "Хромтау отбасы үлгісіндегі балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15) "Қобда отбасы үлгісіндегі балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16) "Ақтөбе облысы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17) "Ақтөбе облысының ғылыми-тәжірибелік орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      18) "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      19) "Ақтөбе көпсалалы колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      20) "Жайсаң көпсалалы колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      21) "Әйтеке би көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      22) "Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      23) "Ақтөбе сервис колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      24) "Хромтау тау-кен техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      25) "Алға индустриялық – техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      26) "Ақтөбе автожол колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      27) "Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      28) "Қандыағаш өнеркәсіптік – экономикалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      29) "Ембі қызмет көрсету саласы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      30) "Ойыл аграрлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      31) "Шалқар аграрлық – техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      32) "Бадамша агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      33) "Байғанин техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      34) "Қобда көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      35) "Ақтөбе гуманитарлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      36) "Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      37) "Ақтөбе ауыл шаруашылығы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      38) "Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      39) "А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыка колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      40) "Облыстық психологиялық – медициналық - педагогикалық консультация" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады