1. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 354 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4550 тіркелген, 2015 жылғы 17 қарашада "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 441 "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 354 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" қаулысы жойылсын.
3. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Т.Шерияздановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б.Сапарбаев |