"Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 363 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 қарашада № 4570 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 495 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 29.11.2016 № 495 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасының кейбір қаулылары жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 2 қазандағы № 363
қаулысына қосымша

Ақтөбе облысы әкімдігінің жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қарашадағы №341 "Мемлекеттік мекеменің атауын өзгерту туралы";
      2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 432 "Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 341 қаулысына толықтырулар енгізу туралы";
      3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 169 "Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 341 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";
      4. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 381 "Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 341 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы";
      5. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 65 "Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 341 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы".

  Облыс әкімдігінің
2015 жылғы 2 қазандағы
№ 363 қаулысымен
"БЕКІТІЛДІ"

"Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазаңдағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес әзірленді және "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәртебесін және өкілеттігін айқындайды.
      "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысының аумағындағы жер қатынастарын реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
      3. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанадағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
      5. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада берілген тәртіппен "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Ақтөбе облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      9. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрлымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, индекс 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40.
      11. Мемлекеттік органның толық атауы – "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      12. Осы Ереже "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      14. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субьектілерімен "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

      16. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: облыс аумағында жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыруы болып табылады.
      17. Жер қатынастарын реттеу төңiрегiнде басқаруды жүзеге асыру өз құзырлары шегінде "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негiзгi міндеті болып табылады.
      18. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттiк мекемесі келесi функцияларды жүзеге асырады:
      1) облыстық жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральды құбырлар, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшін, магистральды құбырлар салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
      2) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      3) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
      4) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      5) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      7) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және облыстың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
      8) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      9) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
      10) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      11) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстық жер балансын жасау;
      12) Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
      13) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
      14) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      15) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органның ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
      16) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
      17) орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат ұсыну;
      18) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне ауыртпалықты белгілеуге және тоқтатуға өтініш беру жатады.
      19. Құқығы және міндеттері:
      "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шеңберінде құқы бар:
      1) "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жатқызылған сұрақтар бойынша мемлекеттік мекемелер және ұйымдармен қызметтік хат алысу;
      2) облыстық жергілікті атқарушы органның жер телімдері бойынша ұсыныстары мен шешім жобаларын дайындау мен ұсыну және де мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
      3) гендерлік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру мәселелеріне қатысады.
      "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) өз құзырына кiретiн сұрақтарды шешу кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалығын сақтау;
      2) өз құзыреті шеңберінде сыбайлас жемқорлықпен қүрес жүргізу.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      20. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемеде басшылықты "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекеменің басшысы жүзеге асырады.
      21. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекеменің басшысы:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бірінші басшысының орынбасарлары болады.
      22. Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттігі:
      1) "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастырады, басқарады;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекеме қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;
      3) өзінің және құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттерін белгілейді;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қабылдайды және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      5) Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекеменің атынан іс-әрекет етеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда басқарма атынан өкілдік етеді;
      6) заңнамада белгіленген жағдайларда және шекте мүлікке иелік етеді;
      7) өз құзыреті шегінде шарттар жасайды;
      8) өз құзыреті шегінде сенімхаттар береді;
      9) Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      10) "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.
      "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекеменің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      23. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекеменің басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекеме мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25-1. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі өкілетті органы "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" болып табылады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру, тарату, осы ережеге өзгеріс және қосымшалар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады