"Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 415 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 желтоқсанда № 4628 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 162 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 22.04.2016 № 162 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      3. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғ.Н.Есқалиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қарашадағы
№ 415 қаулысымен БЕКІТІЛДІ

"Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес әзірленді және "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесін мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.
      2. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі филиалдары және өкілдіктері жоқ.
      3. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ақтөбе облысының Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесі органдарында шоттары бар.
      5. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030010 Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      13. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі миссиясы облыстың туристік және сыртқы байланыстар саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуге жәрдем көрсету және өндіру.
      15. Міндеттері:
      1) Ақтөбе облысының туристік және сыртқы байланыстар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруға қатысады, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастырады;
      2) Республиканың облыстарымен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерімен және алыс шетелдермен аймақтың аймақаралық, интеграциялық өзара тиімді байланыстарын дамытады және нығайтады, шекаралық ынтымақтастықты жандандырады, облыстың экспорттық-импорттық әлуетін тиімді пайдалануға, аймақтық тауарөндірушілердің өнімдерін шетке шығару географиясын және өткізу нарығын кеңейтуге ықпал етеді;
      3) облыс басшылығының ресми қабылдауларын, шетел делегацияларымен кездесулерін ұйымдастыруға көмектесу:
      4) азаматтардың туристiк қызмет саласында демалу, еркiн жүрiп-тұру құқықтарын қамтамасыз ету;
      5) туристерге тәрбие, бiлiм беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшiн жағдайлар жасау;
      6) саяхат жасау кезiнде азаматтардың қажеттерiн қамтамасыз ететiн туристiк индустрияны дамыту;
      7) туристік индустрияны дамыту есебiнен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттiң және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту;
      8) халықаралық туристiк байланыстарды дамыту.
      16. Функциялары:
      1) Ақтөбе облысының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
      2) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және Ақтөбе облысының аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді;
      3) облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
      4) Ақтөбе облысының аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
      5) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;
      6) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
      7) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;
      8) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беруге арналған мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;
      9) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
      10) гидті (аудармашы гидті) кәсіптік даярлауды ұйымдастырады;
      11) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;
      12) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
      13) туризмді дамытудың өңірлік бағдарламаларын орындауға ағытталған іс-шараларды іске асыруды жүзеге асырады;
      14) тоқсан сайын өкілетті органға туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тіркеліміне енгізу үшін қажетті ақпараттар қалыптастырады және ұсынады;
      15) туристік және сыртқы байланыстар мәселелерін бұқаралы ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда басылуын ұйымдастырады;
      16) сыртқы байланыстар, туристтік сала мәселелері бойынша форумдар, көрмелер, тұсаукесерлер, кеңестер және семинарлар, "дөңгелек үстелдер" ұйымдастырады және қатысады, сонымен қатар олардың облыста, Қазақстан Республикасында және нетелдерде өткізілуі бойынша ұсыныстар енгізеді;
      17) облыстың экспорттық-импорттық әлеуеті және аймақаралық байланыс пен интеграцияны дамыту;
      18) жергілікті, отандық және шетелдік тауарөндірушілер – сыртқы экономикалық қызметтерге қатынасушылардың деректер жинақтамасын жасайды және жүргізеді, біріккен кәсіпорындар құруға ықпал етеді;
      19) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Заңменен, басқа да нормативтік актілермен белгіленген тәртіппен облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдардан және басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде қажетті материалдарды сұратып алады және тиісінше хат жазысуды жүргізуге;
      2) "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" құзыретіне кіретін мәселелер бойынша болжамдар, бағдарламалар, талдамалы шолулар дайындағанда заңда белгіленген тәртіппен сарапшылар, басқа атқарушы органдардан мамандар тартуға;
      3) басқа облыстардың, орталық атқару органдарының және шет елдердің тиісті құрылымдарымен жұмыс тәжірибесі мен ақпарат алмасуда іскерлік байланысты реттеу мақсатында өзара іс-қимыл жасауға;
      4) "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" құзыретіне кіретін мәселелер, сұрақтар бойынша, белгіленген тәртіпке сәйкес кездесулер өткізу;
      5) ұлттық өңіраралық және басқа да іс-шараларға Ақтөбе облысының өкілдерінің қатысуын ұйымдастыру;
      "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
      1) өз құзыретіне жататын мәселелерді шешуде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтауға;
      2) өз құзырет шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

3. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметін ұйымдастыру

      18. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын Ақтөбе облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі штат кестесі бойынша бірінші басшысының орынбасарлары қарастырылмаған.
      21. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) орынбасарлардың, бөлім басшылары мен басқа да жауапты қызметкерлердің өкілеттіктері мен міндеттерін белгілейді;
      2) "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мамандарын іріктеу және орналастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады, басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, барлық органдар мен ұйымдарда "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" атынан сөйлейді;
      4) еңбекке ақы төлеу қорының шегінде қызметкерлердің кұрылымын, штаттық кестесін және "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" бөлімдерінің Ережесін (функционалды міндеттерін) бекітеді;
      5) "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.
      22. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі мүлкі

      23. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату, осы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады