"Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 466 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 ақпанда № 4734 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 508 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 07.12.2016 № 508 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1-қосымшасына "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Т. Шерияздановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 466 қаулысына 2-қосымша

Ақтөбе облысы әкімдігінің жойылуға жататын қаулыларының тізбесі

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 512 "Денсаулық сақтау басқармасының кейбір мәселелері туралы" қаулысы;
      2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 251 "Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 512 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы;
      3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 359 "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы;
      4. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 429 "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы.

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 466 қаулысына 1-қосымша

"Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (әрі қарай – Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес әзірленді және "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәртебесін және өкілеттігін айқындайды.
      "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі денсаулық сақтау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      2. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
      3. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылып, оның мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
      5. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40,
      9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      12. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      13. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясаты іске асыру, Ақтөбе облысы тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуді реттеу.
      15. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері облыстың ерекшеліктерін ескере отырып облыс тұрғындарының медициналық қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мүмкіндіктерді барынша пайдалануды қамтамасыз ететін денсаулық саулық сақтау саласында теңгерімделген және келісілген саясатты жүзеге асыру бойынша тәжірибелік бағдарламаларды жүргізу болып табылады.
      16. Функциялары:
      1) денсаулық сақтау аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады және денсаулық сақтау аймақтық бағдарламаларын жүзеге асырады;
      2) денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларын орындауды қамтамасыз етеді;
      3) уақытша адаптация мен детоксикация бойынша медициналық қызметтерді қоса алғанда, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға құқығын қамтамасыз етеді;
      4) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне бақылау мен мониторингті ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      5) денсаулық сақтау бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері функциясын жүзеге асырады;
      6) Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
      7) Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфикациялаушы) препараттарды сатып алуды жүзеге асырады:
      амбулаториялық деңгейде – уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес;
      стационарлық деңгейде – дәрілік формулярлар шегінде;
      8) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық емес жабдықтарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге арналған қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастырады;
      9) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      10) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етеді;
      11) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
      12) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына береді;
      13) төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      14) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлау жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;
      15) гигиеналық оқытуды, саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастырады;
      16) халықты әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы хабардар етеді;
      17) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
      18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады;
      19) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады;
      20) медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
      21) қолданыстағы заңнамаға сәйкес рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады;
      22) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416 "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" заңына сәйкес терроризм орын алған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету ережесі бойынша халықты және медицина қызметкерлерін үйретуді бақылауды және мониторинг жүргізуді ұйымдастырады сондай-ақ, білікті медициналық көмек көрсету мақсатында медициналық құрамалармен қамтамасыз етеді;
      23) белгіленген мемлекеттік стандарттарды сақтай отырып кепілді ақысыз медициналық көмек көрсету шеңберінде дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді қоса алғанда, қоршаған орта үшін қауіп төндіретін және әлеуметтік маңызды аурулардан емдеу және соның ішінде алдын алу, квалификациялық және арнайы медициналық көмек көрсету, халыққа алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
      24) Қазақстан Республикасы Үкіметі мен және денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленген ретте медицина ұйымдарының басшыларын аттестациялауды және қайта аттестациялауды жүргізеді;
      25) азаматтардың денсаулығын қорғау саласында аймақтық бағдарламалар мен басқа да құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
      26) бақылайтын саладағы қоғамдық қолдауды қалыптастырады және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-әрекет жасайды.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Басқармаға жүктелген функциялар мен тапсырмаларды орындау үшін тиісті мемлекеттік билік органдарынан, ведоствалық бағынысты аймақта орналасқан меншік нысанынан тәуелсіз өзге ұйымдар мен кәсіпорындардан және жеке тұлғалардан өз құзыреті шегінде қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға;
      2) Басқарманың құзыретіне қатысты мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарды облыс әкіміне және облыстық маслихатқа талқылауға енгізуге;
      3) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру және қалыптастыру жөніндегі мәселелерді қарастыруға;
      4) облыс әкімі және әкімдігі актілерінің жобаларын дайындауға қатысуға;
      5) денсаулық сақтау жүйесінің негізгі қорларын жетілдіру, дамыту және сақтау шараларын жүзеге асыруға;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес құқықтарын жүзеге асыруға құқылы;
      7) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүзеге асыруға;
      8) халыққа білікті және мамандырылған медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса, әлеуметтік маңызы бар ауруларды және қоршаған ортаға қауіп тудыратын ауруларды белгіленген ұлттық стандарттарды сақтай отырып емдеуді және алдын-ала емдеуді ұйымдастыруға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінде басшылықты "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) бөлім басшыларын, бас және жетекші мамандарды, мемлекеттік қызметкер емес жұмысшыларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, марапаттайды және тәртіптік жаза қолдана алады;
      2) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, марапаттайды және тәртіптік жаза қолдана алады;
      3) "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда таныстырады;
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдауына жеке дара жауапты болады;
      5) бұйрықтар шығарады.
      "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
      "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінде бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөнінде уәкілетті орган) "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып табылады.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі

      1. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 1 Қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      2. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 2 Қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      3. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 3 Қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      4. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "№ 4 Қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      5. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 5 Қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      6. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 6 Қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      7. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық балалар стоматологиялық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      8. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Арнайы медициналық жабдықтау базасы" мемлекеттік коммуналдық мекемесі;
      9. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Медициналық жедел жәрдем ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      10. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық балалар клиникалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      11. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      12. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорыны" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      13. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қарғалы қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      14. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әйтеке би орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік комуналдық кәсіпорны;
      15. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әйтекеби ауданының туберкулез ауруларына арналған хосписі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      16. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алға орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      17. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Байғанин орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      18. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ырғыз орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      19. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қарғалы орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      20. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мәртөк аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      21. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мұғалжар орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      22. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ембі аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      23. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мұғалжар аудандық туберкулез ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      24. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қобда аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      25. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Темір орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      26. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Темір аудандық туберкулез ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      27. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ойыл орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      28. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Хромтау орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      29. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шалқар аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      30. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Үміт" сәби үйі" мемлекеттік мекемесі;
      31. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақтөбе облыстық туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      32. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақтөбе облысының психоневрологиялық диспансері" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      33. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық тері-венерология диспансері" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      34. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақтөбе облыстық наркологиялық диспансері" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      35. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақтөбе облыстық балалар сүйек-өкпе туберкулезінің "Шағала санаториясы"" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      36. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бершүгір" түбіркүлезге қарсы санаториясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      37. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық перинаталдық орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      38. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекеменің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақтөбе облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      39. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      40. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық қан орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      41. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық жедел және шұғыл медициналық бекеті" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      42. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық патологоанатомиялық бюросы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      43. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе медициналық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      44. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақтөбе облыстық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      45. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық балалар клиникалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады