"Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 4781 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда № 4651 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 763 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 763 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.М.Әлімовке жүктелсін.
      3. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 3165 "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 10 қыркүйекте № 4505 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қыркүйектегі "Ақтөбе", "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) күші жойылсын.
      4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Б.Сағын

  Ақтөбе қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 4781 қаулысымен бекітілген

"Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі экономикалық және бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық және бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді үйлестіру, бюджетті орындау саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.
      3. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030006, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қаланың бәсекеге қабілеттілігін жаңа сапалы деңгейіне жетуге, әлеуметтік-экономикалық тұрақты өсуіне ықпал ететін әлеуметтік – экономикалық саясатты, экономикалық және бюджеттік жоспарлау жүйелерінде тұтастықты, тиімділікті, бюджеттің орындалуы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
      15. Міндеттері:
      1) Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қалыптастыру; 
      2) Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен бюджеттік және инвестициялық саясатты өзара әрекеттесуін жүзеге асыру;
      3) мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету;
      4) бюджет шығыстарын әлеуметтік-экономикалық дамудың басымды бағыттарына шоғырландыру;
      5) бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігін арттыру және "бюджеттік масылдықты" қысқарту;
      6) жергілікті бюджеттің орындалу процесін жетілдіру.
      16. Функциялары:
      1) заңнамамен белгіленген мерзімде қаланың әлеуметтік-экономикалық болжамын кезең-кезеңмен әзірлеу;
      2) Ақтөбе қаласының аумағын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды әзірлеу, түзету облыстың мемлекеттік жоспарлау бойынша өкілетті органымен келісу және Ақтөбе қаласы әкімдігінің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз ету;
      3) қаланың аумағын дамыту бағдарламасын және іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша есепті дайындау, облыстың мемлекеттік жоспарлау бойынша өкілетті органға бағдарламаны іске асыру барысы туралы жиынтық есепті белгіленген мерзімде ұсыну және Ақтөбе қаласы әкімдігінің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз ету;
      4) Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы есебімен бюджет түсімдерін жоспарлау;
      5) үш жылдық кезеңге базалық шығыстар мен жаңа бастама шығыстары үшінбюджеттің шығыс лимиттерін қалыптастыру және оларды бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне жеткізу;
      6) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларында көрсетілген көрсеткіштерді мемлекеттік органның ережесінде белгіленген құзырына сәйкестігін қарау;
      7) үш жылдық кезеңге бюджеттік өтінімдерді өтіп кеткен нақтылау, заңнама өзгерістері, бағдарламалық құжаттары, коммуналдық шығыстарға тарифтер өсімі мен инфляция бойынша шығыстарды индексациялау есебімен қарау және жинақтау;
      8) үш жылдық кезеңге қала бюджеті жобасын әзірлеу мен оны бюджеттік комиссияның қарауына енгізу;
      9) жоспарлы кезеңге Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту және нақтылау жөніндегі Ақтөбе қалалық мәслихат шешімін жүзеге асыру туралы қала әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;
      10) бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес және бар көздер есебімен шығыстар лимитін ұлғайту бойынша қажеттіліктерді қалыптастыру және ұсыныстарды дайындау;
      11) Ақтөбе қаласының бюджетін нақтылау (түзету) бойынша ұсыныстар енгізу;
      12) өзгерістер мен толықтырулар есебімен мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалары туралы қалалық әкімдіктің қаулы жобасын қарау мен келісу;
      13) Ақтөбе қаласының бюджетін әзірлеу, нақтылау және қала әкімдігінің веб-порталына орналастыру;
      14) атқарушы билік органдарының құрылымдарын және өзара әрекетін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
      15) жергілікті атқарушы органдарының құрылымын және штаттық кестесін келісу;
      16) стратегиялық және бағдарламалық құжаттармен белгіленген экономикалық мақсаттылыққа, жоба мақсатын саланың даму басымдылықтарына сәйкестігіне бюджеттік инвестициялық жобалардың технико-экономикалық негіздемесін (түзету) әзірлеуге бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстарын қарау;
      17) бюджеттік инвестициялық жобалардың тізімін қалыптастыру, әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ сәйкес үлестірілетін бюджеттік бағдарламалар қаржысы есебінен жүзеге асырылатын қажет технико-экономикалық негіздеме сараптамасын әзірлеу;
      18) әзірленетін немесе түзетілетін бюджеттік инвестициялық жобалар тізімін бекіту туралы қала әкімдігінің қаулысы жобасын әзірлеу, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаларға технико-экономикалық негіздемелергеқажетті сараптама өткізу;
      19) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің технико-экономикалық негіздеме әзірлеуді қажет етпейтін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарды қарау, қалалық бюджеттік комиссияда қарау үшінолар бойынша экономикалық қорытынды дайындау;
      20) басымды бюджеттік инвестициялар тізімін құру шегінде қалалық бюджеттік комиссия қарауына бюджеттік инвестициялар жобасын енгізу;
      21) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қаржыменқамтылуын, растайтын құжаттардың түгелдігін қарау және бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық қорытындысы есебімен олар бойынша қорытындынықалалық бюджеттік комиссия қарауына енгізу;
      22) облыстың бюджеттік жоспарлау бойынша органға бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мониторингі, жоспар-кестесі бойынша есепті ұсыну;
      23) республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бойынша мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер саны және еңбекақы қоры бойынша мониторинг өткізу;
      24) бюджетті нақтылау мен түзетудің қорытындысы бойынша бюджеттің кіріс және шығыс бөлігіне мониторинг өткізу;
      25) республикалық және облыстық бюджеттің трансферттеріне мониторинг өткізу;
      26) бақылаушы органдармен жоспарлы және тематикалық бақылауды жүзеге асыру үшін материалдарды дайындау және ұсыну;
      27) бюджеттік заңнаманың актілері мен нормативтері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және олардың ведомстволарына қарасты ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету;
      28) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар құрылымы мен мемлекеттік қызметшілердің санаты және саны бойынша ақпаратты облыстың бюджеттік жоспарлаубойынша өкілетті органына белгіленген мерзімде ұсыну;
      29) облыстың бюджетті жоспарлау бойынша өкілетті органға белгіленген мерзімде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың техникалық қызмет көрсететін және қызметін қамтамасыз ететін қызметкерлердің санаты, лауазымы мен дәрежелері жөнінде ақпараттар ұсыну;
      30) облыстың бюджетті жоспарлау бойынша өкілетті органға белгіленген мерзімде қала бюджетіндегі коммуналдық төлемдер, республикалық трансферттерді бөлу және ағымдағы шығыстар бойынша ақпараттар ұсыну;
      31) экономика секторында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне талдау және мониторинг жүргізу;
      32) кеңесте, облыс және қала әкімінің отырыстарына қала әкіміне, жетекшілік ететін әкімнің орынбасарына қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде материалдарды дайындау және ұсыну;
      33) концессияға тапсырылуы мүмкін нысандар бойынша ұсыныстар жинау және облыстың бюджетті жоспарлау бойынша өкілетті органға ұсыну, концессиялық жобаларды жүзеге асыру мониторингін жүргізу;
      34) қала әкімінің негізгі және көмекші көрсеткіштері рейтингісінің орындалуына талдау жүргізу, бөлім жұмыстарын үйлестіру және қалалық бағдарлама әкімшілерінің жұмыстарын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу;
      35) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму төлқұжатын әзірлеу;
      36) облыстың мемлекеттік жоспарлау бойынша өкілетті органына реттелмелі салықтық төлемдері бойынша бюджет кірісіне түсетін болжам мәселесі бойынша ұсыныстар дайындау;
      37) қала бюджетін толықтыру резервін көздерін анықтау және салық салу базасын кеңейту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
      38) салық салу базасын кеңейту бойынша комиссия отырысына ақпаратты әзірлеп, облыстың бюджетті жоспарлау бойынша өкілетті органына комиссия жұмысы туралы ақпараттар дайындау;
      39) бюджетке түскен нақты кіріс түсімдері бойынша күн сайынғы ақпаратты өңдеу;
      40) әкімге және жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына талдау және ақпарат дайындау үшін нақты кіріс түсімдері базасын қалыптастыру;
      41) кірістер мен шығыстардың қаржылық-бюджеттік болжау тәртібін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; 
      42) бюджеттің орындалуы саласының, қала бюджетінің орындалуы бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу, бюджеттік есеп және бюджеттік есеп беру саласындағы құзырлы орган болып табылады;
      43) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына сәйкес, түсімдер және төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарын әзірлейді;
      44) қаржыландыру жоспары бойынша әрбір айларға бөлінген жылдық сомаларға талдау мен бағалау жүргізу арқылы бюджеттің орындалу мониторингін жүзеге асыруы, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына енгізген өзгерістерінің негізділін қарап, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін анықтау, белгіленген уақытта қала бюджетінің орындалу туралы есебін әзірлейді;
      45) бюджеттің орындалуы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
      46) өткен қаржы жылына қалалық бюджеттің орындалуы туралы есеп әзірлеу және оны қаланың жергілікті өкілді органының қарауына енгізу;
      47) қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төлемдер және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізген өтінімдерін қарау, түсімдер жиынтық жоспарына, төлемдер және міндеттемелер бойынша жиынтық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
      48) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының әрбір бюджеттік бағдарламасы және әрбір ай бойынша қалалық мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларын төлемдер және міндеттемелер бойынша барлық жеке қаржыландыру жоспарының жиынтық сомасын түсімдердің жиынтық жоспары және төлемдер мен міндеттемелер жиынтық қаржыландыру жоспарының сомасына сәйкестігін тексеруді жүргізеді;
      49) мемлекеттік мекемелердің билігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алатын қаржылай түсімдері мен шығындары, демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен түсімдер мен шығындар туралы жоспарларының бюджеттік қаржылары бойынша қаржылық жоспарларының орындалуы туралы қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептерін қабылдау және тексеруді жүзеге асырады;
      50) жоспарлы кезеңге төлемдердің уақытылығын және толықтығын қамтамасыз ету үшін бар ақшалар ағынының болжамын жасайды;
      51) жоғары тұрған бюджеттерден түскен нысаналы трансферттер есебін жүргізеді, республикалық және облыстық нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есеп жасайды;
      52) облыстың бюджеттің орындалуы бойынша өкілетті органына ағымдағы нысаналы трансферттердің, несиелер және дамуға нысаналы трансферттердің іске асырылуы мониторинг ісінің нәтижелері туралы есеп жасайды;
      53) жоғары тұрған бюджеттерден түскен несиелер мен қарыздарды есепке алуды жүзеге асырады, олар бойынша жоғары тұрған бюджетке несиелерді, қарыздарды және сыйақыларды қайтаруды жүзеге асырады;
      54) өткен қаржы жылында толық пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді жоғары тұрған бюджетке қайтаруды жүзеге асырады;
      55) қаланың бағдарлама әкімшілерінің қалыптасқан кредиторлық және дебиторлық берешектерін есепке алады және талдауды жүзеге асырады, белгіленген нысан бойынша жедел және нақтыланған есептерді жасайды;
      56) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған мемлекеттік мекемелердің тауарларды, (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен түсімдер мен шығындар қаржысының жиынтық жоспарын келісімдейді;
      57) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен қаржыларының кірістері мен шығыстарының негізгі жоспарынан құралған белгіленген нысанда қайырымдылық көмек, демеушілік, ақылы қызметтерге қолма қол ақшалардың бақылау шоттарын ашуға өтінімді қазынашылықтың аумақтық бөліміне ұсынады;
      58) корпоративтік есеп карточкасын қолданумен есеп өткізу үшін ұлттық валютада ағымдағы шот ашуға мемлекеттік мекемелерге рұқсаттама береді;
      59) облыстың бюджеттің орындалуы бойынша өкілетті органына бюджет мониторингінің нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері есептерінің негізінде бюджеттің орындалуы туралы аналитикалық есепті белгіленген мерзімде қалыптастырады және ұсынады;
      60) қала бюджетіне салықтық және басқа міндетті төлемдерді алуға жауапты уәкілетті орган қалыптастыратын есепті деректері негізінде қала бюджетінің кіріс бөлігіне белгіленген мерзімде талдауды жүзеге асырады;
      61) бюджет қаражаттарын басқару бойынша облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының қызметінің тиімділігін бағалау Әдістемесіне сәйкес, қаланың жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша бюджеттік қаражаттарды басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру үшін сенімді және толық ақпарат ұсынуды жүзеге асырады;
      62) белгіленген мерзімде қаланың жергілікті өкілді органына, облыстың тексеру комиссиясына, облыстың бюджеттің орындалуы бойынша және ішкі бақылау бойынша уәкілетті органдарға қала бюджетінің орындалуы туралы есепті ұсынады;
      63) әкімшілендірілетін төлемдер бойынша қала бюджетіне артық (қате) төленген сомаларды қайтаруды немесе аударуды жүзеге асырады;
      64) бюджеттік заңмамамен белгіленген бюджет есептемесінің басқа да түрлерін жасайды;
      65) қала әкімдігінің резервінің қаражаттарының пайдалану есебін жүргізеді және тиісті кезеңге резервтің пайдаланылуы мен қалдықтары туралы ақпаратты облыстың бюджетті орындау бойынша уәкілетті органға ай сайын жібереді;
      66) қала әкімінің резервінде қарастырылған қаражаттарды бөлу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қаулылардың жобаларына қорытынды дайындайды;
      67) мекеме қызметін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
      68) жыл сайын салық салу мақсатында мүлікке бағалау жүргізу қамтамасыз ету;
      69) жыл сайын әр жылдың 1 күніне ауылдық округ әкімдерімен бірлесе отырып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілген салық салушылардан түсетін түсімдердің тізімі бекітіледі;
      70) ай сайын түсімдер мен қайтару (есепке алу) артық (қате) төленген салық сомаларының нақты есебінің негізінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қолма-қол бақылау шотына трансферттерді аударады;
      71) Ақтөбе қаласына қарасты ауылдық округтарға тұруға және жұмыс істеуге келген мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі комиссиясының жұмысын үйлестіреді,құжаттарын әзірлеп, отырыстың хаттамаларын жүргізеді.
      17. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай – Бөлім) құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыры шегінде мекемеге жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғадан және басқа мекемеден және жеке тұлғадан қажетті ақпараттарды және құжаттарды сұратуға және алу;
      2) бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша Ақтөбе қаласының әкіміне ұсыныс жасау;
      3) бөлім құзырындағы мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің және мәслихат шешімдерінің жобаларын ұсыну; 
      4) басқа да атқарушы билік органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің басшылары мен мамандарын тарта отырып, оның құзырына жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңеске қатысу, шақыру;
      5) белгіленген тәртіпте бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің өтінімдерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жөніндегі өтінімдерін қабылдамау,
      6) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын жасау;
      7) қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен бухгалтерлік, қаржылық және мекеменің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша бюджеттің жоспарын және орындалуын ұйымдастыру жөнінде ақпаратты сұрату және алу;
      8) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасауға, олар бойынша өзара міндеттердің талаптары мен сипатын анықтау;
      9) арнайы білімдер мен қабілеттерді қажет ететін мәселелерді зерделеуге, кеңестер алу үшін кеңесшілерді (тәуелсіз сарапшыларды) тарту;
      10) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының соттарында мемлекеттің мүддесін ұсыну.
      11) Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;
      12) белгіленген тәртіпте салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Ақтөбе қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын жәнеқызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi:
      1) ""Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ""Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және ұйымдық шартқа сәйкес ""Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттайды, материалдық көмек көрсетеді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда ""Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;
      5) ""Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі таратылған кезде құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыру үшін құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Ақтөбе қаласының коммуналдық меншігіне жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады