Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 қарашада № 4557 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің 12.01.2016 № 1 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2015 жылғы 01 қазандағы № 5-2/376 ұсынысының негізінде Қурайлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қурайлы ауылдық округінің Өрлеу ауылында орналасқан "Заречье-Иман" шаруа қожалығы аумағында түйелер арасында жұқпалы бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімінің орынбасары А.Сугурбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қурайлы ауылдық округінің әкімі М.Тұрмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады