Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 5-2/12 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қурайлы ауылдық округі әкімінің 2015 жылдың 23 қазандағы № 2 "Өрлеу ауылында орналасқан "Заречье-Иман" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4557 санымен тіркелген, 2015 жылғы 26 қарашадағы № 154-155 "Ақтөбе" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімінің орынбасары А. Сүгірбаевқа жүктелсін.
      Қурайлы ауылдық округінің әкімі М. Тұрмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады