Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Әйтеке би ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Ж. Қамбаров |
Аудандық мәслихат хатшысы | А. Ермағамбет |
2015 жылғы 11 наурыздағы № 222 |
|
Әйтеке би аудандық мәслихатыныңшешіміне қосымша |
Әйтеке би ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары
№ | Елді мекендерінің атаулары | Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары |
1 | Комсомол ауылы | Комсомол ауылының орталық саябағындағы алаң |
2 | Қарабұтақ ауылы | Қарабұтақ ауылының орталық стадионы |