Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі" туралы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 1011 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 135 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 1011 Жарлығын іске асыру туралы" Қаулысына сәйкес Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
Ұсынылсын:
1) "Әйтеке би аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін.
2) "Әйтеке би аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.
3) "Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құзыреті шегінде шақыруға байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.
Ауылдық округтерінің әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырылушыларға шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
"Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Р.Балтемиров) аудан әкіміне 2015 жылдың 15 шілдесіне және 2016 жылдың 15 қаңтарына шақыру нәтижелері туралы ақпарат берсін.
Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Бөлековаға және "Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Р.Балтемировке жүктелсін.
Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі: | А.Бердалин |