2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 119 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 07 сәуірде № 4289 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 520 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 29.12.2015 № 520 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 1011 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 135 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 1011 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
      3. Ұсынылсын:
      1) "Алға аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;
      2) "Алға аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;
      3) "Алға ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құзіреті шегінде шақыруға байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етсін.
      4. Ауылдық округтер әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырылушыларға оларды шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша адамдардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Джалгаспаевқа және "Алға ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Ж. Сыдыковқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн откен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі А. Шериязданов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады