Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 214 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 шілдеде № 4426 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 263 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 12.02.2016 № 263 шешімімен (қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі)" Кодексінің 387 бабының 1-1 тармағына, 444 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы Г. Джармухамбетова
       Аудандық мәслихат хатшысы А. Кайрушев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады