Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV "Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы" Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейiнгi кезеңде "Ақтөбе облысы Алға ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінiң шақыру учаскесiне тiркеу жылы он жетi жасқа толатын 1999 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тiркеуден өтпеген, Алға ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тiркеуден өткiзу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.
2. "Ақтөбе облысы Алға ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінiң бастығы азаматтардың шақыру учаскесiне тiркелуiн ұйымшылдықпен жүргiзудi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын, тiркеу қорытындысы туралы 2016 жылдың 10 сәуiрiнде аудан әкiмiне хабарласын.
3. Аудан әкімінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 11 "2015 жылы әскерге шақыру учаскесіне тiркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4163 санымен тіркелген, 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 3 аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М. Жалғаспаевқа жүктелсiн.
5. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Алға ауданының әкімі | М. Абдуллин |