Байғанин ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 наурыздағы № 159 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 сәуірде № 4279 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 217 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 29.02.2016 № 217 шешімімен (қабылданған күнінен бастап күшіне енеді).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 09.11.2015 № 189 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, 18-бабы 8 тармағына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Байғанин ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылға келесідей әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік несие.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 09.11.2015 № 189 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы Н. Шекеева
      Мәслихат хатшысы Б. Турлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады