Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 21.05.2018 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245 "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3 бабының 7 тармағына сәйкес Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысының Байғанин ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ергалиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | М.Д Аккагазов |
КЕЛІСІЛДІ "Ақтөбе облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы" ММ басшысы |
А. Есжанов |
Байғанин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 272 қаулысымен бекітілген |
Байғанин ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 03.05.2017 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
№ | Автомобиль жолдары индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | KD-BA-37 | Қарауылкелді-Жарқамыс 0-102,480 | 102,480 |
2 | KD-BA-38 | Қарауылкелді-Жарқамыс- Алтай батыр–Миялы– Оймауыт 0-171,255 | 171,255 |
3 | KD-BA-39 | Қарауылкелді ауылына кіре беріс 0-2,830 | 2,830 |
4 | KD-BA-40 | Кемерши ауылына кіре беріс 0-56,000 | 56,000 |
5 | KD-BA-41 | Ебейті ауылына кіре беріс 0-43,690 | 43,690 |
6 | KD-BA-42 | Ноғайты ауылына кіре беріс 0-3,690 | 3,690 |
7 | KD-BA-43 | Көкбұлақ ауылына кіре беріс 0-18,000 | 18,000 |
Барлығы: | 397,945 |