Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес және Ырғыз аудандық аумақтық инспекция басшысы міндетін уақытша атқарушының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 17-02/166 ұсынысының негізінде Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қызылжар ауылдық округінің Шеңбертал ауылы Аққұдық мал қыстағында орналасқан "Әзербай" шаруа қожалығында иттің құтыру ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қызылжар ауылдық округінің әкімі | Қ. АЙТҚҰЛОВ |