Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Тәуіп ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 08 шілдеде № 4422 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Тәуіп ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Тәуіп ауылдық округі әкімінің 11.09.2015 № 4 шешімімен (қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 17-02/176 ұсынысы негізінде, Тәуіп ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ырғыз ауданы Тәуіп ауылдық округінің аумағында өлген киіктерден пастереллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгiзiледi.
      Тәуіп ауылдық округінің әкімі К. ТІЛЕУЖАНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады