Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы." Занының 6 бабына сәйкес,Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 11 наурыздағы № 273 "Қарғалы ауданының ауылдық елді мекендерге 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4273 тіркелген,.2015 жылғы 16 сәуірдегі аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы мен 1 тармағында "айқындау", "айқындалсын" деген сөздері "ұсыну", "ұсынылсын" сөздерімен ауыстырылсын.
Кіріспедегі "7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына" деген сөздер " 18 бабының 8 тармағына" және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы | Н. Смолинец |
Аудандық мәслихат хатшысы | Х. Жылқыбеков |