Қобда ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 наурызда № 4254 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 267 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 29.02.2016 № 267 шешімімен (қол қойған күнінен бастап күшіне енеді).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2015 жылы Қобда ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен бір жолғы 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Мәслихат сессиясының төрағасы Қ. Ізбасқанов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Л. Исмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады