2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 75 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 сәуірде № 4285 болып тіркелді. 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 1011 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 135 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 1011 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес Қобда ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
      3. Ұсынылсын:
      1) "Қобда аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;
      2) "Қобда ауданыдық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;
      3) "Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелермен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттілігі шегінде шақыруды ұйымдастырсын және қатысыты іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Ауылдық округ әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына әскерге шақырушыларға шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      5. "Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесі (М.Дауылбаев) аудан әкіміне 2015 жылдың 7 шілдесіне және 2016 жылдың 5 қаңтарына шақыру нәтижелері туралы ақпарат берсін.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Елеусіноваға және "Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Дауылбаевқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі А.Жүсібалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады