Қобда ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 261 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қарашада № 4598 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 103 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімдігінің 20.05.2019 № 103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, қосымшаға сәйкес Қобда ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
      2. Ауылдық округінің әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін ақпараттық стендтермен, тақталармен және тұғырлықтармен жарақтандырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Ерғалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Жүсібалиев
      Келісілді:
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы
Р.Жолдыбаева

  Кобда ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 29 қазандағы
№ 261 қаулысына қосымша

Қобда ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Ауылдық округінің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Ақрап

Ақрап ауылының Тәуелсіздік көшесі, 35 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ақрап ауылдық клуб ғимаратының алдындағы стенд

2

Бегалы

Калиновка ауылының Қазақстан көшесі, 82 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Калиновка ауылдық клуб ғимаратының алдындағы стенд

3

Бестау

Бестау ауылының Астана көшесі, 15 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Бестау ауылдық клуб ғимаратының алдындағы стенд

4

Бұлақ

Әлия ауылының К.Байсейітова көшесі, 3 үй мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Балдырған" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдындағы стенд

Талдысай ауылының Ә. Молдағұлова көшесі, 5 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Талдысай орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

Бұлақ ауылының Жастар көшесі, 15 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Бұлақ негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

5

И.Білтабанов атындағы

И.Білтабанов атындағы ауылының Астана көшесі, 40 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі И.Білтабанов атындағы ауылдық клуб ғимаратының алдындағы стенд

И.Білтабанов атындағы ауылының Астана көшесі 34 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда ауданының И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

Қосөткел ауылының Абай көшесі, 32 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Қосөткел негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

Байтақ ауылының Бейбітшілік көшесі, 6 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Байтақ бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

6

Жарық

Жарық ауылының Желтоқсан көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда ауданының Жарық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

Қанай ауылының К.Бекеев көшесі, 12 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Жарық негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

7

Жарсай

Жарсай ауылының Калинин көшесі, 31 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда ауданының Жарсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

Қарағанды ауылының Желтоқсан көшесі, 19 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қарағанды ауылдық клуб ғимаратының алдындағы стенд

Ақсай ауылының Астана көшесі, 43 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ақсай ауылдық клуб ғимаратының алдындағы стенд

8

Жиренқопа

Жиренқопа ауылының Ардагер көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Жиренқопа ауылдық клуб ғимаратының алдындағы стенд

9

Жаңаталап

Жаңаталап ауылының И.Пятковский көшесі, 17 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда ауданының Жаңаталап ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

10

Исатай

Жарсай ауылының Астана көшесі, 5 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда ауданының Исатай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

11

Қобда

Қобда ауылының Абылхаирхан көшесі, 16 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қобда аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдындағы стенд

Қобда ауылының Астана көшесі, 70 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Қобда орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

Қобда ауылының А.Иманов көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының алдындағы стенд

12

Құрсай

Құрсай ауылының Ә.Молдағұлова көшесі, 48 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда ауданының Құрсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

13

Қызылжар

Қызылжар ауылының Астана көшесі, 21 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда ауданының Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

Қаракемер ауылының Тәуелсіздік көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қаракемер ауылдық клуб ғимаратының алдындағы стенд

14

И.Құрманов атындағы

Егіндібұлақ ауылының Тәуелсіздік көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "И.Құрманов атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

Бегалы ауылының Абай көшесі, 3 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Бегалы фельдшерлік пункт ғимаратының алдындағы стенд

15

Өтек

Өтек ауылының Желтоқсан көшесі, 67 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда ауданының Өтек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

16

Сарбұлақ

Сарбұлақ ауылының Астана көшесі, 38 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Сарбұлақ ауылдық клуб ғимаратының алдында

17

Сөгәлі

Көк үй ауылының Абылайхан көшесі, 21 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Қазақстан 15 жылдық атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

Көгалы ауылының Қобланды батыр көшесі, 15 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық білім бөлімінің "Қобланды негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

18

Терісаққан

Терісаққан ауылының Астана көшесі, 10 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда ауданының Терісаққан ауылы әкімшілік – аумақтық бірлігі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады