Аққұдық ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 наурызда № 4225 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Аққұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аққұдық ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Аққұдық ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1 "Аққұдық ауылдық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-70 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтарда "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
      мемлекеттік тіліндегі атауында "округіне қарасты" сөздері "округінің" сөзімен ауыстырылсын;
      кіріспесіндегі ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" деген сөздер алынып тасталсын;
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің 1, 2, 3 тармақтарындағы "елді мекеніне" сөздері "ауылында" сөзімен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі шешімнің атауында және мәтінінде "аульного округа "Аккудык", "аульного" сөздері "Аккудыкского сельского округа", "сельского" сөздерімен ауыстырылсын.
      2) Аққұдық ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1 "Аққұдық ауылдық округінің Вознесеновка ауылының көшелеріне атау беру және өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-141 болып тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашадағы "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
      орыс тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "аульного округа Аккудык", "в улицу" сөздері "Аккудыкского сельского округа", "на улицу" сөздерімен ауыстырылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аққұдық ауылдық округінің әкімі Н. Ашимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады