Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 9 қазандағы № 1-26/353 ұсынысының негізінде, Талдысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
1. Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің Талдысай ауылы аумағында ірі мүйізді қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Талдысай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі Р.Амангелдиеваға жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | М. Қарабатыров |