Талдысай ауылында жануарлардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 11-сәуірдегі № 11-26/60 ұсынысының негізінде Мұғалжар ауданының Талдысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Мұғалжар ауданының Талдысай ауылдық округінің Талдысай ауылында жануарлардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      2. Мұғалжар ауданының Талдысай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 12-қазандағы № 13 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6-қарашада № 4565 болып тіркелді) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      Мұғалжар ауданының
      Талдысай ауылдық округінің әкімі М. Қарабатыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады