"2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" аудан әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 79 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 тамыздағы № 191 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 қазанда № 4532 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 қаңтардағы № 5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 05.01.2016 № 5 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-баптарына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 19-бабының 5-тармағына сәйкес Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ойыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 79 "2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 9 сәуір № 4293 тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде "Ойыл" газетінде № 17 санында, жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
      3 тармағының 1 тармақшасындағы "Ойыл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорны" деген сөздер "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ойыл орталық аудандық аруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3 тармағының 2 тармашасындағы "Ойыл аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздер "Ақтөбе облысының Ішкі істер департаментінің Ойыл ауданы ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5 тармағында және 3 тармағының 3 тармашасындағы "Ойыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі" деген сөдер "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Ақтөбе облысы Ойыл ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі: М. Абдуллин.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады