"Қайыңды селолық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" 2011 жылғы 2 тамыздағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 8 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қыркүйекте № 4510 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінеәртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қайыңды селолық округі әкімінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 1 "Қайыңды селолық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-93 санымен тіркелген, 2011 жылғы 7 қыркүйекте аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі атауы мен мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
      шешімнің кіріспесінде "және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып" сөздерінің алдындағы "және" жалғауы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі С. Оскинбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады