Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі 1, 2 тармақтарындағы "аула" сөздері "села" сөздерімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 04.04.2017 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қайынды ауылдық округінің ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 01.09.2015 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Ақжар ауылының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
1) А.Иманов көшесі;
2) Ш.Берсиев көшесі;
3) Кеңес көшесі;
4) Қайыңды көшесі;
5) Мектеп көшесі;
6) Жастар көшесі;
2. Көсембай ауылының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
1) Ынтымақ көшесі;
2) Орталық көшесі:
3) Бұлақ көшесі;
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі: | Е. Бикиров |