1. Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 8 "Көптоғай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-94 санымен тіркелген, 2011 жылғы 27 қазанда аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "аульного", "аула" сөздері тиісінше "сельского", "села" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көптоғай ауылдық округінің әкімі | Г. Амирова |