"Ойыл селолық округі Ойыл селосының атаусыз көшелеріне атау беру туралы" 2012 жылғы 16 мамырдағы № 58 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 110 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 қарашада № 4572 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Ойыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ойыл селолық округі әкімінің 2012 жылғы 16 мамырдағы № 58 "Ойыл селолық округі Ойыл селосының атаусыз көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-11-113 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 маусымда аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және мәтінінде "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;
      шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "Ойыл", "Ойылского" сөздері "Уил", "Уилского" сөздерімен ауыстырылсын;
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ойыл ауылдық округі әкімі: И. Сабиржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады