"Шалқар ауданының ауылдық елді мекендерге 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" 2015 жылғы 13 наурыздағы № 200 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қазандағы № 242 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қарашада № 4585 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 262 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 262 шешімімен (01.01.2016 бастап күшіне енеді).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 13 наурыздағы № 200 "Шалқар ауданының ауылдық елді мекендерге 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4281 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде "Шежірелі өлке" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
      "Шалқар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы";
      1-тармақтың бірінші абзацы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Шалқар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2015 жылға келесідей әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Г. Сейтова
      Аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Ә. Әбдіғапарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады