2016 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімінің 2015 жылғы 04 желтоқсандағы № 20 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 қаңтарда № 4671 болып тіркелді. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізуді бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шалқар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде "Ақтөбе облысы Шалқар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1999 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, Шалқар ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын, ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын, тіркеу қорытындысы туралы 2016 жылдың 10 сәуірінде аудан әкімін хабардар етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Қарашолақоваға жүктелсін.
      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Данағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады