Алматы облысы бойынша білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 06 ақпандағы № 62 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 10 наурызда № 3091 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 3 маусымдағы № 182 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 03.06.2024 № 182 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағы 24-7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражігін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысы бойынша білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

      2. "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Әлтайұлы Өнербаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Баталов

  Облыс әкімдігінің 2015 жылғы "6" ақпандағы № 62 қаулысымен бекітілген

Алматы облысы бойынша білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Алматы облысы бойынша Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 2 тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидаларын әзірлеу және бекіту үшін негіз болып табылады.

      2. Үлгілік қағидалар білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидаларын әзірлеу және бекіту кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

      3. Білім беру ұйымдарының қызмет режимін ескере отырып (білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың белгілі бір уақытта ғана болуы, оқу сабақтарының ауысымдылығы және білім беру ұйымының өзге де жұмыс ерекшелігіне қарай) білім беру ұйымының әкімшілігімен педагогикалық және өзге де білім беру ұйымының қызметкерлерінің жұмыс уақытының және демалыс уақытының режимі белгіленеді.

      4. Ішкі тәртіптемені қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымының әкімшілігі білім беру ұйымының қызметкерлерінің, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен және білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидаларымен оларға жүктелген міндеттерді сақтауын қамтамасыз етеді.

2. Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесі

      5. Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидаларында:

      білім беру ұйымының әкімшілігі және педагогтерінің білім алушылармен және тәрбиеленушілермен өзара қарым-қатынасы;

      оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібі;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайлар;

      ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      білім беру ұйымы жұмысының басталу және аяқталу уақыты, олардың арасындағы үзілістер;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығы қарастырылуы тиіс.

      6. Білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, сондай-ақ олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидаларына қолжетімділігін және таныстыруды қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады